Аффект–қысқамерзімдік аса күшті эмоционалдық күй.
Әдіс (Метод; грек. metodos -теория, ілім, зерттеу жолы) – кӛздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және окыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейгинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.
Әдіснама (грек. Metodos – таным жолы, logos – ілім) – 1) белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; 2) ғылыми танымда қолданылатын негізгі принциптер. Нақты ғылымның теориясына лайықты нысаны мен таным амалдары арқылы зерттелетінӛзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал – жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан тандап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және ӛзгертуге бағытталған таным принциптерінін жиынтығы. Ә. – әдістер туралы ілім, әдістер теориясы.
Әдістеме (Методика) – ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім.
Әлеуметтік ӛлшем әдісі(Социометрический метод) – америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың эмоционалдық қатынастарын зергтеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып (демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және
т.б.), қасындағы адамдардың біреуін ӛлшем (сұрақтарға) бойынша тандап алуы керек. Адамдардың қарым – қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік -эмоциялық күйлеріне байланысты анықтайды.
Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені, білімді, құндылықтар мен еормаларды қоғамдық ортадан меңгеруі және соның нәтижесінде ӛзін қоғамдық ортада бақылауы, ӛзін-ӛзі ұстауы, мінез-құлқын реттеуі, ӛзін жүзеге асыру үрдісі.