Зияткерлікті анықтайтын тестілері– индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностикалық әдістемелер. Зият тестілерінің кӛпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұскауда кӛрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, ажырату, нақтылау, жалпылау және т.б. катынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы ӛзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай еткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады.
Зияткерлік коэффициенті(ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) тұлғаның хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; 10 символымен белгіленетін бұл катынас мына формула бойынша анықталады: Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің кӛпшілігінде логикалық, логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың менгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар ӛздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның ӛзі, әдетте, жастық ӛкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі.
Индивидуалдық– 1) жеке адамның қайталанбас ӛзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан ӛзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының ӛзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. И. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында,
қажеттіліктері мен қаблеттерінде кӛрінеді.