Қостанай обылысы Жітіқара қаласы. №9орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ердавлетова Айгүл Мәльтайқызы



Дата26.08.2017
өлшемі107,98 Kb.
#28677

Сабақтың тиімділігін арттырудағы ақпараттық коммуникациялық

технологияларды пайдалану

(Қостанай обылысы Жітіқара қаласы. №9орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ердавлетова Айгүл Мәльтайқызы)

Бүгінгі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – баланы өмірге үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ұстаз болу, мамандығыңды қадір тұту, қастерлеу, жас ұрпақтың алдында арыңның таза болуы - әр мұғалімнің асыл борышы. Нағыз ұстаз- өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін ізгі жан. Өзгермелі де дамуы жедел бүгінгі қоғамда мұғалім – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға болуы шарт. Жаңа формация мұғалімі жаңа технологияларды игеру біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру міндеті кезке күттірмейтін мәсенле.

Мұғалімдер оқыту үшін,заман талабына сай білім беру үшін ең бастысы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдарыайтамыз.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивтітақта; Мультимедия; Интернеткеңістігі; Электронды оқулық.
АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін :
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Жаңа технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;Оқушының есте сақтау қабілетін ескере дамуына жағдай жасау.



Оң мотивацияларды қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімі үшін аса маңызды. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

Бүгінгі күнде оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланылуда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; ақыл - ойын дамыйды; шығармашылық белсендігін арттырады,ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеленеді,тіл байлығын жетілдіреді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.


қабылдайтынын жақсы білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет