Қостанай облысы Амангелді ауданы. Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі Ғылыми жұмыс тақырыбы



бет3/9
Дата03.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#8629
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дизайнерлер жазған-сызғаныңызды жадында сақтайтын қасиетке ие қаламсап ойлап тапты. Recorder деп аталатын қаламды 7 ғалым бірігіп, жоғары технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып жасап шықты.




  • Recorder-дің ерекшелігі, қағазға жазған жазбаңызды арнайы орнатылған лазерлі жадқа сақтап отырады. Ал  сақталған жазбаны Bluetooth-дің көмегімен компьютеріңізге жібере аласыз. Жазу құралының ерекше жүйесі тіпті қателерді де тексереді.

 Әзірге эксперимент ретінде шығарылған қаламның ағылшын тіліне арналған нұсқасы ғана бар. Оны құрастырушылар тауар қолжетімді жағдайда сатылымға түседі деп отыр

"Lernstift" ағылшын фирмасы қағаздағы қателікті табуға арналған қаламсап

Өнертапқыш иелері жаңа қаламсапты жастарға арнап шығарған. Әсіресе, енді-енді жазуға бет бұрып келе жатқан мектеп оқуышылары басты нысанда болған екен.

Қаламсап әлі де жаңартылу үстінде. Шынайы өмірде тұрақты қолданысқа ену үшін аз-маз өзгертулер керек. Анықтау жүйесі кең әрі толық көлемде қарастырылмақ. Ерлі-зайыпты Фалька мен Мэнди Вольски алғашқы сынақты да өткізіп көрді.

Осы жылдың соңынан бастап қаламсапты жасап шығару мәселесі бір ізге қойылмақшы. Әзірге, кеңселік тауарларды шығаратын компаниялармен шарт жасасып жатқан көрінеді




Неміс өнертапқыштары Фалька Вольски мен Даниель Каесмахер өздері ойлап тапқан “ақылды” қаламсаптарын жарыққа шығару үшін қаржы жинап жатыр. Басты ерекшелік – қаламсап мәтінде жіберілген қате жайында ескертіп отырады. Кіп-кішкентай қаламның ішіне өнертапқыштар микрокомпьютер орнатыпты. Оның Wi-Fi антеннасы мен 128 Мб болатын жады бар. Сонымен қатар, микрокомпьютер жанына орналастырылған вибромотор әр жіберілген қателік кезінде жазып отырған адамға белгі береді екен. Кереметі сол, қаламсап өзі жазған мәтінді түгелдей сандық нұсқаға лезде айналдырып, смартфонға көшіріп береді. Жазу құралы екі режимде жұмыс істемек. Алғашқысы – орфографиялық қателерді анықтау үшін.

Екіншісі – жазу үлгісін көркейту үшін.


Қазіргі таңда аталған жобаны жүзеге асыру үшін қос ғалым ақша жинап жатыр. Толықтай айналымға енгізу үшін 120 мың еуро қаражат қажет көрінеді. Алғашында, ағылшын және неміс тілдерін ғана “жаза алатын” қаламсап алдағы уақытта испан, итальян, француз және орыс тілдерінде де қатесіз жазуға үйрететін болады деп күтілуде.
Асыл тастардан жасалған бағалы қаламдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет