«Зерек» сөйлейтін қалам
«Зерек» атты сөйлейтін қаламның ерекшелігі неде? Пайдалану туралы нұсқаулықта көрсетілгендей, сөйлейтін қалам – заманауи технологияның сапалы және қауіпсіз электронды өнімі. Оның атқаратын функциялары да аз емес. 2-3, 4-5 және 6-7 жастағы балаларға арналған жеке-жеке суретті кітапшаларды пайдалана отырып, қаламды оған тигізу арқылы баланың айналамен таныстығы, ортаны танып білуі басталады.
«Зерек» қаламы бүлдіршіндердің қызығушылығын арттырып, ойлау, көру, түсіну, сөйлеу, сурет салу қабілеттерін дамытады. Әр баланы өз ана тілінде еркін, жатық сөйлеуге, сөз мәнерін қалыптастыруға, оқуға, есептер шығаруға, тақпақтар жаттауға, ән айтуға жаттықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |