Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: 1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;
2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:
а) шығармашылықтың Мен–субъектісінің рольдік образын игеру;
б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;
в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;
г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;
д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:
а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).