«Жалғасын тап» ойыны
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады.
Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә)
Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес,
ашу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г)
Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ)
Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е)
Адам деген- елі бай
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа
сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.