Сабақ барысында қолданылатын ойындар жинағы " Адасқан әріптер"



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі360,56 Kb.
#34648
түріСабақ
  1   2   3

Бастауыш сыныптағы сабақ барысында қолданылатын ойындар жинағы

Адасқан әріптер” ойыны.



Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру

Ойын шарты:Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау

Қ, у, о,ы,ш – оқушы

Т, п, і, к, а - ........

І, і, б, л, м- ........

М, м, ғ, ұ, а, л, і - ...........

Ұшқыр ой” ойыны



Ойын шарты: Сұрақтарға тез, жылдам, әрі нақты жауап беру қажет

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
    2. Сөз бен сөздібайланыстыратынқосымшақалайаталады? (жалғау)
    3. Кейдедауысты, кейдедауыссызболатындыбыс. ( у )
    4. Затесімдегеніміз не? (заттыңатынбілдіреді)
    5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)

«Кім мықты?»

Мақсаты:Мақал – мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңыжазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсан жүректе

Б) Ерлік білекте емес , ашу дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат



Д) Мал баққанға сол тоқ

Е) Адам деген – елі бай

Шашылған дыбыстар” ойыны



Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы а,л, к,л,й,ү, н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады: ай күн, үй т.б.



«Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Ойын шарты: Топтарға 10-10 сұрақтан қойылады. Әр топ А.М.Т.Б.Н.Қ. әріптерін алады да, қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап береді .

1-топ (МНҚ)

1.Олимпиада чемпионы болғыныз келе ме?

2.Алма қай жерде өседі?

3.Кітап оқисыз ба?

4.Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?

5.Әдемі қыз көріп тұрсыз ба?

6.Қай спорт түрін ұнатасыз?

7.Көңіл күйініз қалай?

8.Қай пәнді ұнатасыз?

9.Қазақтың батырының атын айт.

10.Сөйлем құра.

2-топ (АТБ)

1.Көп сөйлейсіз бе?

2.Көп кешірім сұрайсыз ба?

3.Болашақта кім болғын келеді?

4.Досыңыздың аты кім?

5.Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?

6. Қазақстанның табиғи байлығы не?

7.Өсімдік атын ата.

8. Қай түсті ұнатасың?

9.Қазақтың ұлттық тағамын ата.

10. Сөйлем құра.

«Кім шапшаң?»

Ойын шарты: Берілген сөздерден сөйлем құрау

Жел …                  Күн …                    Мен …

Қоңырау …          Найзағай …          Жаңбыр…

Бөпем …              Әжем …                Айша …
«Құпия сандық»

ойыны


Ойынның шарты: Жұмбақты екі тілде айту қажет.(қазақша-орысша)

Қолымененқаламыжоқ,


Бірақсуретсаладыкөп. (аяз – мороз)

Қоймасын қыс ақтарып,


Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

Бірін-бірі қоштаған,


Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

Жұқа тақтай бөлшегі,


Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

Қалқиып екі құлағы,


Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

«Талапкер ойыны»

Ойын шарты: Оқушыларға өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыру керек

  1. ... өріп тараған,
    ... қараған.
    Құрт пен майын жинаған,
    ... сыйлаған.

  2. . ... қошақан ,
    ... қалмайды.
    Сүп-сүйкімді момақан,
    ... аумайды.

  3. ... бала әрқашан,
    Құлыным деп анасы,
    ... баласын.

«Ойлан да,тап»

Ойын шарты: Бос дөңгелекшелерге 1,2,3,4,5,6,7 сандарын орналастырғанда 12 саны шығу керек.(5+4+3=12)

«Айшықты сөздер»

Ойын шарты: Бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын айту керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)


2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
6. Бетінен оты шықты (ұялу)
7. Ит өлген жер (алыс)
8. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
9. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
10. Таяқсілтемжер (жақын)



Каталог: uploads -> doc -> 0202
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0202 -> Тақырып: Ауылда және «дейін» шылауы Сабақтың мақсаты: Білімділік
0202 -> Сабақтың мақсаты: Қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру. Ойлау қаблетін дамыту
0202 -> Сабақ : 9 Сабақтың тақырыбы: Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы Сабақтың мақсаты
0202 -> Сабақтың тақырыбы: § Тарих және уақыт Сабақтың мақсаты
0202 -> Сабақ барысы: І кезең: «Ой шақыру», ой қозғау «Кім көп біледі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет