Ой өзгермей, адам өзгермейді.
|
Коучингке шығармашылық топ мүшелері, І,ІІ,ІІІ- деңгей мұғалімдері және ұжым мүшелері барлығы 45 адам қатынасты. Мұғалімдердің қызығушылығын ояту мақсатында ұстаздармен тренинг өткізілді. «Сөздер ойыны». Мұғалімдерге суреттер таратылып, осы суреттер арқылы ұстаздар 4- топқа бөлінді. Ерте кездегі көліктер және қазіргі кездегі көліктер түріне бөліп, сын тұрғысынан ойлау арқылы бөледі. Коучингтің тақырыбын ашу үшін мұғалімдерге көлік түрлерін атау. Осы суреттермен істеуге болады?
Берілген сөздермен ( зымыран, кеме, ұшақ, тікұшақ, поезд, трамвай, піл, арба) осы суреттермен жұмыс жасайды.
Ұстаздарға Бейне жазба көрсетіледі. «Как сохранить креативность?»
Жаңа технологиялық «Жигсо» әдісін пайдаланып мини-лекция таратылады. «Жигсо» әдісі бойынша лекциямен жұмыс жасайды.
І топ- «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету және стратегияны қолдану», «Тарихи шолу»
ІІ топ – «Сыни ойлаудың құралдары, сыни ойшылдың кейбір қасиеттері»
ІІІ топ – сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология.Нәтижеге қол жеткізу.
IV топ –әдістемелік тәсілдер мен әдістер.
Әр топтан бір адамнан ортаға шығып постер қорғайды.
7 модуль туралы түсіндіреді. Таныстырылым көрсетіледі. Қорытындылау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады. Ұстаздар өздерінің ойын стикерге жазып, тақтаға жапсырады.
|
Мұғалімдерге «Ой өзгермей, адам өзгермейді» -тақырыбындағы коучингтің мақсаты түсіндіріліп, өту барысы туралы толық түсініктеме беріледі. Бұл сабақта мұғалім қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамнан қалыспай сыни ойлау арқылы , жедел ойлап, жедел шешім қабылдайды. Ұстаздар мини лекция оқыған соң, көлік түрлерін ойлау арқылы ерте кездегі көліктер және қазіргі кездегі көліктер түріне бөледі.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы ұстаздар көлік түрлерін орналастырады. Ой өзгермей адам өзгермейтіне көздерін жеткізеді. Ойлау арқылы берілген тапсырманы орындайды. Топпен жұмыс жасайды, көмек көрсетеді,сыни ойлай алады, бірлесіп жұмыс жасайды. Осы коучингтен алған ойыңыз? Бұл сұраққа алда әлі осындай коучингтер өтсе, бірлесіп жұмыс жасауға болады.
|