Осы жұмыспен шұғылдана отыра мен әр түрлі сөзжұмбақтар құрастыруға тырыстым. Газет, журнал беттерінен қызықты әңгімелер, мәліметтерді теріп жүремін. Осы жұмыстарымды сіздерге ұсынып отырмын.
1.Сөзжұмбақ «Өсімдік мүшелері».
( Жауаптар: тамыр, гүл, жеміс, жапырақ , сабақ .)
2. Адасқан әріптер «Дәрілік өсімдіктердің аты».
Раақ дмеаңаун –
Күнел пақжабқыаар –
Іибк ндыза –
Дігіәмк пөйегөш –
Ырбасас йшайқруа –
( Жауаптар: қара меңдуана, үлкен бақажапырақ , сарыбас шайқурай,
кәдімгі өгейшөп, биік андыз.)
Ал енди сіздерге сұрақ: айтыңыздаршы, егер әрбір адам 5 түймедақтан жұлса, түймедақтың қаншасы өлетін еді? Шығару :
Егер, мен бір гүл жұлсам,
Егер, сен бір гүл жұлсан,
Егер де бәрін – мен және сен,
Гүлдерді жұлсақ
Бос қалады алаңдар
Әдемілік, сұлулықта жоғалады.
Айналадағы ортаны, сұлу табиғатымызды сақтауымыз керек, ал түймедақ – табиғи сұлулықтың нәзік символы.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:
- Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
- мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
- тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
- дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!
Қорытынды.
Дәрілік өсімдіктерді сақтау үшін, оларды бір жерден жинай бермеу керек;
Дәрілік өсімдіктерді жинау үшін әдістерін білу керек;
3.Дәрілік өсімдіктерді қай кезде, қайда және қай уақытта жинау керектігін, кептіру және сақтауды білу керек.
4.Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау жұмыстарына ат салысу керек;
5.Жабайы өсімдіктердің қайталанбас әртүрлілігін сақтау қазақстандықтар үшін аса маңызды мәселе болу керек.
Менің білгендерімді енді сыныптастарым мен бүкіл мектеп оқушылары білсін деп ойлаймын. Егер де мен сияқты зерттеумен айналысамын десе жол ашық. Зерттеу жұмысымды ұлы Абайдың өлеңімен аяқтағым келіп тұр:
Ғылым таппай мақтанба,
Құмарланып шаттанба
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ә.И. Исамбаев, С.М. Әдекенов, М.К. Көкенов «Қазақстанның дәрлік өсімдіктері және оның қолданылуы», Алматы,1998ж.
2. Ушбаев К.У., Никонов Г.К. Лечебные свойства растений Казахстана, 1994ж.
3. Соколов С.Я., Замотаев И.П. Справочник по лекарственным растениям (фитотерапия), М. 1991г.
4. З. Коробцова, Н.Беляева, А.Кравченко Лесная аптека, М., 1991г.
5. Алимбаева П.К., Халматов Х.Х., Каррыев М.О. Основные лекарственные растения Средней Азии, Т., 1984г.
Табиғатты сақтаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |