Грамматикалық тапсырма. 1. Ит сөзін тәуелде.
2. Тұрлаулы мүшелерді тап. Анарды анасы дүкенге жұмсады.
3.Тыныс белгіні қой. Ит адамның досы
10
Ақбөкен. Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау.Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жану Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті. (57 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1. Бер, қара,кел, ұқса сөздеріне жұрнақтар жалғап болымсыз етістік жаса.
2. Ақбөкендер – өте сақ жануарлар – сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
3. Дәрі – сөзін тәуелде.
Бақылау диктанты. Көктем келді. Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )
Грамматикалық тапсырма: 1- тапсырма Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет. 1 – нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.
2 – нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
2 - тапсырма Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде. 1 – нұсқа: Тырна деген сөзді.
2 – нұсқа: Өзен деген сөзді.
11
Орман қабаттары. Қалың ормандар бес қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабат – қарағай, емен секілді ағаштардың ұшар басы.Төртінші қабат – қайың,терек секілді ағаштардың ұшы. Үшінші қабат – бұталар мен жас ағаштар. Төменгі екі қабатта шөптер, гүлдер, мүктер өседі. Осы бес қабаттың әрқайсысының «өз тұрғындары» бар. Бірінші қабатта құрлар ұя салады. Әнші құстар үшінші қабатты иеленеді. Төртінші қабатты тоқылдақ, сауысқан секілді құстар мекендейді. Орманның бесінші қабатына мысықторғай, қаршыға ұя салады.