§ 29 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
Дүние жүзіндегі ЭБХ – тың 46 % осында шоғырланған. . Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі тараған олар; жекеменшік, мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік. Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады.
Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру – тайпалық құрылым әлі де сақталған. Мысалы ылғалды тропиика ормандарында - аңшылық, балық аулау, мен қатар ткамыр және түйнек жемістілерді өсіріп жер өңдеуде дәстүрлі құралдар (соқа, кетпен) қолданылады. Кейде ол бір ғана дақыл түріне бағытталған. Азия- күріш, Африка – кофе мен жержаңғақ, Латын Америкасы – қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік латифундиялық шаруашылық – көп еңбек күшін қажет ететін сұранысқа ие салалары басым дамитын сала.
Жоғары маманданған тауарлы ауыл шаруашылығы- ауыспалы егістіктері бар, интенсивті мал шаруашылықтарынан тұратын механикаландыру мен химияландырудың шегіне жеткен индустриялық сипаттағы шаруашылық тән елдердег шаруашылық саласы.
Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ХХ ғ- дың 60 – жылдарынан басталған «жасыл ревалюция» мақсаты мәдени өсімдіктердің өнімділігі арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сортарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |