Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы №2Аманқарағай орта мектебінің география пәні мұғалімі



Дата22.03.2017
өлшемі80,57 Kb.
#12139
Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы

№2Аманқарағай орта мектебінің

география пәні мұғалімі:

Бекмухамбетова Р.К.



Тақырыбы:


Африканың халқы және саяси картасы.

Мақсаты:

Өткен тақырыппен байланыстыра отырып Африка халқының табиғи ерекшеліктері,тұрмысы туралы білу,елдерінің даму деңгейін анықтау.

Міндеттері:

1.Оқулық мәтінімен жұмыстану арқылы халықтар мен елдер туралы білу,талдау жүргізе отырып түсіну.

2.Атласты пайдалану арқылы кескін картаға даму деңгейі жоғары және нашар елдерді түсіру./ОАР, Египет, Эфиопия,Нигерия/ ,

3.Білімдерін бекіту үшін жоғары және төменгі деңгейлі сұрақтар құрау.


Күтілетін нәтиже:

А.Африка халқының табиғи ерекшеліктері,тұрмысы ,елдерінің даму деңгейі туралы біледі.

В.Африка мемлекеттерінің орналасу заңдылықтарына талдау жасай отырып, кескін картаға нобайын салады.

С.Мәлімет бойынша барлық білімді жинақтап, Африканың халқы мен елдерін бір жүйеге келтіріп бағалайды.


Әдіс-тәсілдер:

СТО: «Серпілген сауал», «Үш қадамдық сұхбат» әдісі, кескін картамен жұмыс, топтық жұмыс, қайта бағыттау сұрақтары, диалогтік оқыту.

«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану.«Таңдау» тәсілі.



Ресурстар:

Оқулық, Атлас, кескін карта, интернет,интерактивті тақта,стикер,флипчарт,смайликтер.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

15 мин

1.«Таңдау» тәсілі.Тұлға аралық байланысты орнату, топқа бөлу.

/Топтық ережені қайталатып естеріне саламын./

2. «Серпілген сауал» арқылы алдыңғы сабақты қысқаша қайталау,сыныптың білім деңгейін анықтау.

1.Ауызша сұрақтар

1.Африка материгі қандай табиғат зоналарынан тұрады?

2.Ылғалды экваторлық орманда қанда йжануарлар кездеседі? Шашақ құлақ шошқа, ергежейлі бегемот,шимпанзе, мартышка

3.Саванна және сирек орман қай жерді орналасқан? 40пайыз африка жерін алып жатыр.

4.Соңғы 50жыл ішінде Сахарада қандай өзгерістер байқалады? 650км кв ілгерлеп келеді

5.Самум желі қай табиғат зонасында кездеседі? Саванна сирек орман

6.Шөлдердің ең құнарлы жерлері қалай аталады? шұраттар

7.Жер орта жағалауында және О.Африка жағалауында қандай табиғат зоналарын кездестіреміз? Субтропиктік және қатты жапырақты ормандар

2.Біздің бір мұғалім қалада зебрамен жүрген адамдарды көріпті.



Сынып оқушылары ойынның соңғы бөлінісіне қарай 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы тексеріледі,тиісінше ұпайларын алады.

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


Тұсаукесер

5 мин

Қызығушылықпен назарға қол жеткізу,пайымдауға және логикалық ойлауға себепші болу.Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау.

-Сіздер топқа бөлінгенде не себепті ақ,сары және қара түстерді пайдаландық деп ойлайсыңдар?

«Африканың елдері».


Тыңдай отырып, қажет деректерді дәптерге жазады.

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады, мақсатын анықтайды.



Негізгі

бөлім

/20мин/



5 мин.

1,5 мин.


1,5 мин.

2 мин.


5мин.

5мин


I. Оқулық мәтінімен жұмыс. /Инсерт әдісі арқылы/

II. «Үш қадамдық сұхбат» әдісі.

Төртеуден немесе алтаудан топтарды жұптарға бөлемін:

А және Б, В және Г. Назар аударту және түсіндіру.

1-қадам. А сұхбаттайды Б-ға, ал В сұхбаттайды Г-ге.

- Сұрақтарыңыз барма?

- Оқушылар , не істеулерің керек? Сендерге талқылауға 5 минут беремін.

2-қадам. 2- қадам керісінше, Б сұхбаттайды А-ға,

Г сұхбаттайды В-ға.

3-қадам. Әр оқушы өз жұбымен «Африканың халқы және елдері» туралы ақпаратпен төрт немесе алты адамдық топта бөліседі.

- Мен қазір тапсырмаларды орындағанда сіздердің топпен жұмыс жасағандарыңды қалаймын.



II. Атлас,кескін картамен жұмыс, / 10минут/. Жұмысты қорғау,/10минут/

1-топ «Африканың халқы» 3мин.

2-топ «Африканың елдері» 3мин.

3-топ «Сарапшылар» 3мин.

Оқушыларды алған білімдерін қолдану мен қорытынды шығаруға жетелеу. Қиындықты,түсінбеушілікті анықтап,жекелеген оқушыларға көмек көрсету.



«Бір жұлдыз,бір ұсыныс» 1 минут

Бекітуге арналған сыни сұрақтар:

1.Күндіз аптап ыстықтан,түнде қатты салқыннан зардап шегетін қандай мемлекеттер?

2.Кімдер жабайы қарбыздың суымен шөлдерін қандырады?

3.Біздің еліміз Африканың қай елдерінен банан,ананас,какао,кофе,жер жаңғағын әкеледі?

4.Пілдерді мініп жүрген кімдер деп ойлайсыңдар?

5.Жабайы алмұртпен жүзім теріп жүргендер кімдер?

6.Саяхатшылар ағашының көлеңкесінде отырған кімдер?

7.Цеце шыбынынан қай елдердің халқы көп зардап шегеді?

8. Саванналар мен сирек ормандар зонасында орналасқан елдерді 63-суретті пайдалана отырып Африканың батысынан бастап рет-ретімен атап шық.

9.Олардың өңі қап-қара,қыр мұрынды,бойшаң болады./нилоттар/

10. Оңтүстік Африкада адамдар негізінен ағылшын тілінде сөйлейді,ал Солтүстік Африканы мекендейтін халықтар ше?

-Африкада неше мемлекет,қанша халық бар?




-Оқушылар,қазір оқулықты оқи отырып негізгі мәліметтерге назар аударасыңдар,еске сақтап қалуға тырысыңдар./сіздерге 5мин.беремін/

-Оқушылар , айта қойшы, біз қазір не істейміз?

Түсінгенін өз сөзімен айту арқылы жұпта талқылайды, салыстыра отырып айырмашылығын немесе ұқсастығын көрсетеді, мысалдар келтіреді.

Оқушылар ұтымды жауаптарын интерпретациялау арқылы топқа ұсынады, идеяларға жүгіне отырып жұмыс ретін көрсетеді, сахналау үшін рөлдерге бөледі.

-Қалай қолдануға болады?

-Жасап көрсе қалай болады?

-Егер былай жасаса нәтижесі қалай болар еді? (шәкірт ұстаздың көмегінсіз таныс емес проблеманы өзінше шешіп көреді)

Әр топ оқулық пен атласты, интернетті пайдалана отырып алынған мәліметті терең өңдейді, флипчартқа жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіреді, әр спикер немесе топ өз постерлерін қорғайды. ( өз ойларын,идеяларын, пайымдауларын мазмұндап оларды негіздейді).

Оқушылар бір-біріне өз ойларын,идеяларын, пайымдауларын мазмұндап негіздегендері үшін:

- не ұнады /бір мақтау/,

- маған ұнады, бірақ келесі жолы... /бір ұсыныс айтады/.

Оқушылар сұрақтар дайындап алдыңғы екі топқа қояды. Жауаптар дұрыс болса «Дұрыс» деп қоштайды, егер дұрыс болмаса өздері толықтырады.


Қорытынды

5 мин

Сабақтың басты сәттерін анықтау. «Рефлексиялық нысана» парағын толтыру.

Сабақ қортындысы, оқушылардың түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау.


Топтық өзара бағалау жүргізеді.

§51. Кескін картаға ең алғашқы тәуелсіз және ірі мемлекеттерді түсіру.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет