Қостанай облысының білім басқармасы Управление образования Костанайской области



Дата15.09.2017
өлшемі83,11 Kb.
#33467
Қостанай облысының білім басқармасы

Управление образования Костанайской области

Қостанай әлеуметтік – техникалық колледж

Костанайский социально – технический колледж

Баяндама:

«Қазақ тілін орыс дәрісханаларында оқыту әдістемесі».

Орындаған: Қазақ тілі пәнің оқытушысы

Жулдубаева Г.И.




Қостанай/Костанай

2016




Қазақ тілін орыс дәрісханаларында оқыту әдістемесі.
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.

Қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. Әрі жиырма бірінші ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда кәсіби оқу орындарында үлкен талаптар жүктеліп отыр.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең сенімпаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы.

Орыс топтарында оқушылардың кәсіби қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Халқымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізуде қазақ тілі мұғалімдерінің атқаратын рөлі өте жоғары. Қазақ тілі сабағында тәрбиелік мәні терең мақал-мәтелдерді тақырып мағынасына сай пайдаланған жөн.
«Қазақ тіліне тән дыбыстар» тақырыбына байланысты, олардың дұрыс айтылуына арналған мақал-мәтелдер:

/Ә/ - дыбысына: Әдепті бала – арлы бала,



Әдепсіз бала – сорлы бала.

/Ө/ - дыбысына: Өзін-өзі мақтаған,



Өліммен тең.

/І/ - дыбысына: Бірлік болмай,



Тірлік болмас.

/Ұ/ - дыбысына: Ұқыптының тоны тозбас,



Ұқыпсыздың ісі оңбас.

Дауысты дыбыстардың елелесін өткенде дауысты дыбыстардан басталатын сөздерден мақал-мәтелдер жаздырылады.



Ашуың келсе, қолын тарт,

Айтпас жерде тілің тарт.

Аңдамай сөйлеген,

Ауырмай өледі.
Өнерлі өрге жүзеді,

Өнерсіз шөлге жүзеді.
Әдептілік, ар-ұят,

Адалдықтың белгісі.

Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бірақ әр ұлт өз керегін қазақшадан өз тіліне аударып жатқан біреуін көрмейсің. Себебі не? Әр жаңалық қазақшадан қарағанда, орыс тілінде жарық көргенін қалайды. Ал, орыс тілі арқылы басқа шет тілдеріне аударылу жеңілге түседі. Тікелей қазақ тілінен шет тілге түп нұсқасынан аударуға кешіріңіз, біздің абырой жеткен жоқ.

Мәтін арқылы тілді оқыту төмендегі міндеттердің жүзеге асуына көмегін тигізеді: тұрмыста, өндірісте, әлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты игеру; қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қатынасқа дайындық;

өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту; кәсіби бағыттағы қарым-қатынастық мәтіндерді аудармасыз түсінуге ұмтылу; оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктерді пайдалана білу; қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру.

Қ. Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзгетілді дәрісханалардағы қазақ тілі” (2001) деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті.

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша Р. Ә. Шаханова “ Кәсіби оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” (2001) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бұл еңбекте орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі жасалды. Ғалым: “Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әдістемелік жүйесін жаңа технологиямен толықтырып, дамытып, жетілдіріп отыру тілдің қатысымдық қызметін нәтижелі меңгертуге негіз қалайды», – дейді [3,301]. Атап айтқанда, студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін, олардың білімін рейтинг, тест материалдарын талапқа сай пайдалану арқылы арттырудың мәнін анықтайды.

Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игеруінің басты факторы – оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығын дәлелдеп, модульдік жүйеге негізделген электрондық оқулықтар студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді екенін айтады. Тілдік жағдай жүйесін үнемі мамандықпен байланыстырып отыруы қарастырылған. Зерттеуде қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі мәтіннің маңызды рөлі дәлелденіп, мәтіннің тілдік жүйесі айқындалған. Мамандыққа қатысты мәтіндерді іріктеу ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін: мазмұндық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек; тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы; қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек; мамандыққа байланысты ғылыми мәтіндер студенттерде қажеттілік сезімін туғызып, білім беруде студенттердің сенімін күшейтетін болуы қажет [4,204]. Мысалы , мәтін «Қорғаушының қызметі»:

Қорғаушылардың қоғамдағы рөлі өте ерекше. Олар тек азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймайды, сонымен қатар сот әділдігінің іске асуына, заңдылықтың нығаюына септігін тигізеді.

Қорғаушылар өз ісін заңға сәйкес, тәуелсіз жүзеге асырады. Ол заң кеңесшісі ретінде мекемелердің, өндіріс орындарының, жеке кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың басшыларына заңдарды түсіндіріп береді. Оны дұрыс пайдалану жолын үйретеді. Азаматтарға жеке кеңес беріп, тиісті құжаттарды толтыруға көмектеседі. Сондықтан, қорғаушы заңның барлық саласын жақсы білуі керек.

Сабақта жаттығулар, мәтіндерге арналған сөздіктер мен орысша-қазақша құқық терминдер сөздігі беріледі. Еңбекте экономика , құқық және басқару бөлімінде оқытудың кәсіби бағыттылығы ескеріледі. Құқық терминдерді меңгерту және оларды терең түсіну, сөйлем конструкцияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру арнаулы кәсіби лексиканы сұрыптау арқылы іске асады. Осыған орай, сөздік қорды көбейту мақсатында мәтін бойынша жұмыс сөздікпен толықтырылған. Оқу құралында студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған мәтіндер орыс және қазақ тілінде жазылған. құжат(тар) толтыру – заполнить документ

білімді меңгеру – овладеть знаниями

жеке кәсіпорын – частное предприятие

жәбірленушіге көмек көрсету – оказать помощь потерпевшему

айыпкерді тұтқындау – арестовать обвиняемого

қорғаушыны тағайындау – назначить адвоката

жүзеге асыру – осуществить

нығайту – укрепить, закрепить

құқықты қорғау – защищать права

заңды қабылдау – принять закон

Ал құқыққа байланысты жаттығулар тапсырмасы орын алады.

1-тапсырма. Қорғаушыға қатысты сын есімдер тобы: білікті, білімді, адал, шыншыл, төзімді, жауапты, шешен. Берілген сын есімдерді зат есімге айналдырыңыз.

2-тапсырма. Сөйлемдерге көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойыңыз.

Ағамның ... адвокаттық кеңсесі бар. Онда бес ... заңгер жұмыс істейді.Олар ... , ... адвокаттар. Қорғаушы заңның барлық саласын ... білуі керек. Ол азаматтарға ... кеңес береді, заңды түсіндіреді.

Ш. Құрманбайұлы, М. Мамаева, А. Сыбанбаеваның “Қазақ тілі” оқулығы. Болашақ заңгерлердің сөздік қорын молайтып, кәсіби тілін қалыптастыруда олардың келешек қызметінде қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін, заң терминдерін меңгерту басты мақсат етілген. Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша іріктеліп алынған мәтіндер және оларға қатысты құрастырылған әр түрлі тапсырмалар жүйесі модульдік технологияға сәйкестендірілген. Сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы түсіндірме, фразеологиялық, аударма сөздіктер арқылы іске асады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Сөз маржандары – мақал-мәтел, нақыл сөздердің мәні түсіндіріліп, есте сақтау керектігі ескеріледі. Студенттерді қызықтыратындай халықтың асыл қазынасы – шешендік өнер тарихына, шешендік сөз үлгілеріне баса көңіл бөлінген. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі кітап соңындағы заң терминдерінің қазақша-орысша қысқаша сөздігі арқылы жүзеге асады.

Сонымен, қазақ тілін мамандыққа байланысты сала бойынша оқыту әдістемесінің жасалуы төмендегідей ұстанымдарға негізделеді:

қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесінің негізі қаланған;

тілді қатысымдық бағытта үйретудің лингвистикалық негізі сөйлесім әрекеті және оның түрлері қарастырылды;

тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін дамыту басты міндет ретінде алынды;

қатысымдық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мақсат етілді;

кәсіби тілдік қатынасты жетілдіруде тіл үйренушінің қазақша сөйлеу тілін кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде дамыту көзделді.

лексикалық минимумды танымдық-бағдарлы оқыту, грамматикалық минимумды мамандыққа сай мәтіндер мен жаттығулар арқылы оқыту ұсынылды;


Әдебиет:
1. Мешимбаева Б. Гуманитарлық бөлiм студенттерiн қазақша пiкiрлесiм (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. дисс. – Алматы , 1999. –163 б.

2. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б


3. Шаханова Р.Ә. Кәсіби оқу орындарының орыс бөлiмдерiнде қазақ тiлiн мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми -әдiстемелiк негiздерi: Пед.ғыл.док. дисс. –Алматы, 2002. -327б.
4. Жорақпаева М.Д. Құқық бөлімінің студенттерiне қазақ тiлiн тыңдалым әрекетi арқылы оқыту әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. дисс. – Алматы, 2002. -156б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет