29
Екіншіден, оқу мәтінін бұлайша қайта құру оқушының ойлау белсенділігін
арттырудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
Үшіншіден, бірқатар зерттеулердің нәтижесінде ойлау әрекетінің негізгі түйіні
талдаудың ерекше формасы- синтез арқылы талдаудан тұратыны белгілі болды.
Таңбалық моделдеу жолымен жасалатын бұл операция оқу материалын барынша
терең ұғынып, меңгерудің негізін құрайды.
Төртіншіден, Ғылымда және практикада ақпараттарды сызбалық визуалдау тәсілі
кеңінен қолданылады. Бұл тәсілді білу және оны іс жүзінде қолдануға машықтану
оқушыларға оқу материалдарымен жұмыс жасаудың оңтайлы әдістерін
қалыптастыруға ықпал етіп, педагогикалық психология пәнін мейлінше терең
игеруге көмектеседі.
Бесіншіден, бірқатар психологиялық зерттеулердің нәтижесі мәтіндік ақпаратты
құрылымдау мен сызбалау - есте сақтау үрдісінің негізін құрайтын мнемоникалық
әрекеттердің маңызды бөлігі екендігін айғақтады.
Алтыншыдан, ақпаратты көрнекілік-бейнелік формада көрсету оны жақсы есте
сақтауға септігін тигізеді.
Жетіншіден, тәжірибелер көрсеткендей, білімдік ақпараттарды құрылымдық-
қисындық сызбалар жүйесімен беру оқушылардың өздігімен жұмыс жасауын
ұйымдастыру мен белсенділігін арттыруда пәрменді құрал болып отыр.
Сегізіншіден, материалды құрылымдау және сызбалық бейнелеу оқушы үшін
оқыған нәрсенің тұтас келбетін жылдам қалыптастыруға көмек жасайды. Бұл әрі
қарай біліктілік шыңдауды ұйымдастыруға негіз болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: