Элементтер
Сурет-белгілер.
Негізгі сөздер.
Нобайлар.
Тәртібі
"Мағыналы сурет" – бұл проблемалық жағдайдағы маңызды болар дегендердің
барлығын бірге жинақтауға талаптану. Сіз Сызбаға өзіңіздің әрбір
пайымдарыңызды және бастапқы зерттеу нәтижесінде алған барлық
ақпараттарды бейнелеуге талпынуға тиістісіз.
Өз ойыңызды графикамен бейнелеуге мүмкіндігіңіз жетпеген жағдайларда ғана
сөздерді қолданыңыз.
Өз суреттеріңізде қандай да бір белгілі стилді немесе құрылымды ұстануға
талаптанбаңыз. Сызбаға элементтерді, көп ойланбай, әуел баста өзіңіз қалай
қаладыңыз, солай орналастыра беріңіз. Сызбадағы элементтердің орналасуы
тәртібінің өзін де бірқатар ақпараттардың бар екендігін, ақырында аңдауыңыз
мүмкін.
Егер «Сіз неден бастауды бімесеңіз», әрекет етудің төмендегідей жолдары Сізге
пайдалы болуы мүмкін:
(а) ең алдымен жағдайдың құрылымдық элементтерін табыңыз(бұл уақытпен
салыстырғанда аз өзгеретін және біршама тұрақтылығымен сипатталатын:
адамдар, жағдай, сондай-ақ иерархия, басқару болуы мүмкін);
(б) содан кейін берілген жағдайдағы үрдіс элементтерін анықтаңыз(бұл
өзгеріс күйіндегі: болып жатқан әрекеттер);
(в) одан әрі құрылым мен үрдістің қалай өзара әрекеттесетінін
ойластырыңыз.
Жүйлілік өлшемдерін ойламауға тырысыңыз, яғни, мысалы: «бұл жағдайдың
өзіне маркетинг жүйесі, өндірістік жүйе және сапаны бақылау жүйесі кіреді ғой»
деген сияқты ой түюдің керегі жоқ
Мұны екі себеппен жасамау керек.
Біріншіден, слово "жүйе" сөзі ұйымдасқан өзара байланыстар деп
түсіндірілетіндіктен, ондай өзара байланыстардың болмауы проблемалық
жағдайды туындатуы мүмкін; солай болған соң, Сіз осындай өзара
байланыстардың болуын негізге алып("жүйе" сөзін қолданып), прблеманың
мәнін назардан тыс қалдыруыңыз мүмкін.
(Солай бола тұра, бұл Сіз көрсеткен гарфикалық элементтер араларында
байланыс жоқ дегенді білдірмейді, ол жайында жоғарыда айтылған).
Екінші себеп, Сіз олай жасасаңыз, ойлау аясын нақты сызыққа дейн тарылтасыз,
атап айтқанда, сол жүйелердің тиімділігін көтеру тәсілдерін іздеп кетесіз.
Өз суреттеріңіздің жағдай туралы тек "қатаң", фактілік мәліметтерден ғана емес,
"жұмсақ", субъектілік ақпараттардан да тұратындығына көз жеткізіңіз.
Аталған жағдайдағы әлеуметтік рөлдердің, жағдайға қатысушылар үшін
маңыздылығы қандай екендігін және ол рөлдерді орындаған адамдардан мінез-
қылық күтуге болатындығын айқындаңыз. Егерде қандай да бір қақтығыстарды
байқасаңыз, оларды атап көрсетіңіз.
Қорытындылай келе сызбада өзіңізді көрсетіңіз. Сызбада Сіздің рөлдерді
ұғынуыңыз, жағдайға қатынасыңыз айқын көрінгеніне көз жеткізіңіз. Сіз
объективті бақылаушы емес, өз қабылдауыңызды әрлейтін өз құндылықтарыңыз,
сенімдеріңіз бен мақсаттарыңыз бар адам екендігіңізді естен шығармаңыз.