Остеология –
сүйекті зерттейтін ғылым .
Қаңқа
грекше - кептірілген скелег)
- механикалық маңызы бар,
мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол
өзара дəнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байлаиысқан
жеке сүйектерден тұрады; қаңқа қимыл аппаратының пассивті бөлімш
құрайды.
Қаңқаның маңызы.
Сүйек жүйесі
негізінен механикалық, көбінесе
биологиялық маңызы бар бірқатар қызмет атқарады. Алғаш пайда болғанда
қатты қаңқа организмді зиянды сыртқы əсерлерден қорғау
қызметін атқарды
(омыртқасыздардьщ
сыртқы
қаңқасы).
Ішкі
қаңқаның дамуымен
омыртқалыларда ол алғаш жүмсақ тіндер үшін тірек жəне арқауға айналды.
Қаңқаның жеке бөліктері бұлшықеттердің көмегімен қозғалысқа келтірілетін
рычагтарға
айналып,
соның
салдарынан
қаңқа
қимыл-қозғалыстық
(локомоторлық) қызметке ие болды. Қаңқаның атқаратын механикалык
қызметі тірек, қорғаныш жəне қозғалысты іске асыру қабілетімен
сипатталады.
Қаңқаның тіректік қызметі жүмсақ тіндер мен мүшелердің қаңқаның түрлі
бөліктеріне бекуі арқылы іске асады. Қозғалыс
жылжымалы буындармен
қосылған жəне нерв жүйесі арқылы бас-қарылатын бүлшықеттердің
көмегімен қозғалысқа келтірілетін ұзын жəне қысқа рычагтар түріндегі
сүйектердің қүрылысы арқасында жүзеге асады. Ең ақырында, қорғау
қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын,
жұлынды қоргайтын омыртқа
қуысын, миды қорғайтын ми сауытын, кеуде қуысының басгы ағзаларын
(жүрек, өкпе) қорғайтын
кеуде қуысын, түрдің одан əрі сақталуы үшін қажет
көбею ағзаларын қорғайтын сүйекті орын - жамбас астауын түзу арқылы іске
асырылады.
Сүйек жүйесінің биологиялық функциясы қаңқаның зат алмасуға, əсіресе,
минералды алмасуға қатысуына байланысты (қаңқа түрлі минералдык
фосфор, кальций, темір жəне т б. тұздардың жиналатын жері). Зат алмасуға
байланысты ауруларды (рахит, т. б.) рентген сəулесі, радиоактивті изотоптар
арқылы диагноз қоюға болады. Бұдан басқа қаңқа
қан жасау функциясында
атқарады. Бұл кезде сүйек жəй ғана жілік майы үшін корганыш құндақ қана
емес, жілік майы оның органикалық боліп болып табылады Жілік майының
өзінше дамуы жəне қызметі сүйек затының құрылысына əсер етеді де, ал,
керісінше, механикалық факторлар қан
жасау функциясына ықпалын
тигізеді. Сондықтан
дене
жаттыгуларын
кұрастырганда
қацканыц
барлық атқаратын қызметтерінін бірлігін есепке алу қажет.