«Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталады демекші, менің шағын мемлекетім сүйікті отбасым



Дата29.09.2024
өлшемі14,59 Kb.
#205312
Байланысты:
Менің отбасым


Менің отбасым
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!
«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды әрине айрандай ұйыған, тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасылардың біріміз.
Қара шаңырағымыздың ақылшысы арқа сүйеріміз-жан әкем...
Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан «Отан от басынан басталады» дегендей өз еліңді сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы табиғат сылаған кереметтің бірі.
Отбас - өте қажетті, басқадайеш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. «Әке-асқар тау,
ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» деп ата-ана мен баланы табиғат құбылысына теңеген.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан ана бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады.
Менің отбасымда асқар тау әкем, асыл анам әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын-ағам, көмекшім бауырым бар. Менің тілегім отбасым бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаса деймін.
Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
«Отан отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталады демекші, менің шағын мемлекетім - сүйікті отбасым.
Мен әкемді, анамды, бауырларымды жақсы көремін. Әкем отбасымыздың тірегі. Ол біздің қалағанымызды алып беруге, бізге жақсы тәрбие беруге тырысады, бәрімізге қамқор. Анам отбасымыздың берекесі. Ол бізді еркелетеді, дәмді ас дайындайды, әкемді құрметтейді.
Мен бауырларыммен татумын. Мен үшін отбасы ештеңеге айырбастай алмайтын қымбат құндылық.
Отбасында адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі деп санаймыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деп қазақ даналығында айтылғандай, өз отбасың, өз үйің әрқашан жылы, бәрінен жақын. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!
Отанның бір бөлшегі отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет