Отбасының тәрбиелік қызметі - Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
- Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасы құндылықтары - Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі , отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар - Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
- Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |