БІРАҚ! Шынайы өмір секілді, ЖЕЛІ де қауіпті болуы мүмкін!
-Физикалық;
-Психикалық;
-Рухани және адамгершілік.
ИНТЕРНЕТ БАЛАЛАР ҮШІН НЕСІМЕН ҚАУІПТІ? ҚАУІП ТҮРЛЕРІ :
Тыйым салынған заттар мен ұғымдар туралы ақпарат тарататын сайттар (зорлық-зомбылық, есірткі, тыйым салынған идеология және көптеген т.б.);
Ойындар;
Зиянды тақырып сайттары;
Діни ағымдағы сайттар;
Интернетте алаяқтар, алдау сайттары;
18+
КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ.
Отбасындағы ересектердің психо-эмоционалдық шиеленіс күйін тудыратын үнемі болатын ұрыс-керістері, олардан бала басқа жаққа қашқысы келеді.
Баланың түрлі компьютер ойындарынан алуы мүмкін қызықшылықтарға тоймауы. Баланың қараусыздығы: бала еркіндікте, себебі ата-ана өз проблемаларын шешуден қолы босамайды. Ата-анасымен, сыныптастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастың жетіспеушілігі. Баланың өзін бағалауы тым төмен немесе тым жоғары – шынайы өмірдегі сәтсіздіктер виртуалды өмірге сүңгуге түрткі болады.
КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ
Балаңызды компьютерде ұзақ уақыт отырудың оның денсаулығына келтіретін зияндарымен таныстырыңыз (көру қабілетіне зиян, омыртқада проблемалардың пайда болуы т.б); Балалардың пайдаланатын компьютерлік ойындарға, бағдарламаларға цензура жүргізіңіз; Балаларға интернетке бақылаусыз кіруге рұқсат бермеңіз. Онымен бірге белгілі бір сайттарға кіруге тыйым салу жолдарын ойластырыңыз; Компьютерді танымдық және білім алу мақсаттарында пайдалану туралы түсіндіріңіз; Балаларға өзіңіз орнатқан ережелерді бұзбаңыз.