Сенімдік қарым-қатынас – бұл принцип ата-аналардың педагогтің кәсіби және мәдени біліктілігіне, оның отбасы тәрбиесінің мәселелерін түсініп, шешуге атсалысу қабілетіне сенімдері.
Эмансипация – ата-аналардың қалыптасқан көзқарастан арылулары яғни, баланың өзін-өзі тану тілегін ояту.
Ата-аналардың тұлғалық қызығушылықтары –балалармен қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекетті дұрыс орындауға көмектесетін тұлғалық ынтымақтастық.
Ата-аналардың өзіндік бағаларын бекіту – тек өздерін құрметтейтін ата-аналар ғана еркін тұлғаны тәрбиелей алады (әрбір ата-анаға құрмет, оның жеке тұлғалылығын мойындау; ата-аналарды сынаудан бас тарту, оларға қолдау көрсету).
Ата-аналардың балаларна тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы – Бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Халық арасында қазақ халқы өз үй ішін «Отбасы» деп атайды, бұл тек ошақ басы мағынасын ғана емес,Отанның ошағы түсінігін білдіреді. Кезкелген адам үшін отбасы, туған жері,үйі, елі, мемлекеті, діні мен тілі – бұл оның Отаны. Халық арасында ежелден «Отбасы – өмір тұтқасы» деген ұғым бекіген.
Орыстың ұлы педагогы К. Ушинский: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай жасанды әрекет те оның орнын баса алмайды» деп текке айтпаған.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, тәрбиешіге жүктелер жауапкершілік мол. Оны балалардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса тәрбишінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде:
баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен балабақша жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;
балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;
тәрбиеші, балалар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда.
Оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтасып жұмыс істеулері аса маңызды болып табылады .Балабақшадағы отбасымен атқарылатын жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндеттібілім беру стандартындағы отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар сай жүргізіледі.
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты:
v баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздерін қалайды және баланың жетістіктерге қажеттілігін қалыптастырады;
v ресми және бейресми ереже, ұстанымдар, нормалар мен белгілер кешенін анықтайды;
v баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды;
v баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады, баланы мінез-құлықтың жалпы адамзаттық, моральдық және мәдени стандартына үйретеді.
Үй тәрбиесінде өсіп келе жатқан балғынның ең алғашқы танымдық ортасы – балабақша болып табылады. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бала қабілетін қалыптастыру мен дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту үшін қажетті орта құруға мүдделі. Осы негізде ата-ана мен балабақша арасындағы ықпалдастықтың негізі қалануы барысында қарым-қатынас моделі пайда болады. Баланың ой-санасы жетіле түсіп, жеке тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |