Отбасы дамуының тарихы, зерттеу әдістемелік негіздері



бет1/2
Дата13.01.2022
өлшемі66 Kb.
#111444
  1   2
Байланысты:
от пед 100


Қайырлы күн!

Сәлеметсіз бе, Аманжолова Әсел Нұрланқызы!

Студент: Болат Дарияш Болатқызы

Пән: Отбасылық педагогика және үй тәрбиесі
Педагогтың   ата-аналармен байланыста болуы  қашанда өзекті мәселе. Бұған бүгінгі заман ата-аналарының жұмыс бастылығы мен уақыттың болмауы және педагогикалық-психологиялық құзіреттілігінің жетіспеуі себеп. Ал осындай тәрбие жұмысындағы келеңсіздіктермен алғашқы болып кездесетін мектепке дейінгі ұйым педагогтары.

Бала балабақшаға келген алғаш күннен бастап, Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартының талабына сай, балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жас ерекшеліктеріне сәйкес қызмет көрсету, баланың дамуына жағдай жасау   мектепке дейінгі ұйымның міндетті. Осыған орай баланың әрі қарай дамуына отбасы мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарының өзара байланысы басты роль атқарады. Бала тәрбиесіне ата-ананың сауатты педагогикалық мәдениеті қарауы, тікелей дұрыс ұйымдастырылған мектепке дейінгі  ұжым әрекетімен байланысты. Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі потенциалдың  пайда болуы, отбасы мен ұжымның  бір деңгейде   біріккен  жұмысы.

 

«Ата­ана баланың алғашқы ұстазы» себебі баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы.   Отбасында  баланың  мінез­құлқы,  әдет    дағдысы қалыптасады. «Қашан бала ғылым­білімді махаббат пен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.» (А.Құнанбаев) Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демек. Не көрсе соған талпынып, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)



Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие от басынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата­ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Ата­бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата­ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата­ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт  болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, от басындағы ата­ана берген тәрбие балабақшада жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат  болып қалыптасу үшін балабақша, тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Бүгінде бала тәрбиесінде педагогтердың  ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасты олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр.  Антуан де – Сент Экзюпери айтқандай «Жалғыз және ең қымбат құндылық – ол адамзаттың өзара қарым-қатынас құндылығы болмақ». Балабақшаның  және  отбасының балаларды тәрбиелеу  бойынша  жұмыстарындағы  ынтымақтастық мектепке дейінгі ұйымның нормативтік құжаттарымен танысудан басталады:


  • ата- аналармен екі жақты келісім шартын жасау,

  • балабақшаның күн тәртібімен,

  • медициналық қызмет  көрсету ережелерімен,

  • ата- аналар төлем ақысымен танысу.

Мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігінің жалпы және арнайы мақсаттарын ескеріп, баланы үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыруды:

  • отбасы, мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мен бастауыш мектептің өзара байланысын басқару.

  • мектеп жасына дейінгі тұлғаны жан-жақты дамытудың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің отбасы және психологиялық-педагогикалық  негіздерін қолдануды көздейді.

Қазақстан Республикасы  2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік даму бағдарламасыныңміндеттері:

ü    мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің санын көбейту;

ü    мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;

ü    кадрлармен қамтамасыз ету;

ü    12-жылдық білім беруге көшуді жүзеге асыру;

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында, білім беру саласындағы міндеттер мен жетістіктерге талдау жасай келе, оқытудың тиімді жүйесін құрудың, ғылыми зерттеулерді әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге қол жеткізудің және ғылымды инновация үрдісіне енгізудің жолдарын айқындады.

Білім және тәрбие берудің бірінші сатысы – мектепке дейінгі ұйым. Қазіргі заман да білім беру жүйесін өзгерту жағдайындағы басым бағыт оқу-тәрбие жұмысын жаңғырту болып табылады.  Білім мазмұны оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартуды талап етеді, білім берудің әдіс-тәсілдері мен түрлерінің тиімділігі, баланың ақыл-ойы мен зердесінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл білім беру саласындағы бірінші кезектегі проблемалардың бірі, оны шешуді кейінге қалдыруға болмайды.

Педагогикалық үрдістің жаңа түрлерін ұйымдастырудың зор маңызы бар, атап айтқанда: оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша оқыту мен вариативтік бағдарламаларды енгізу, мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде жаңа технологияларды қолдану, мектепке дейінгі білім беру менеджментін дамыту.

Біздің міндетіміз – баланы тәрбиелеуде  дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, мәдени мұраға, жалпыхалықтық игілікке, сонымен қатар, әрине белгілі бір жүйеге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері  мен отбасы іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары


  • Бұл мәселеде педагог мамандар мен отбасының үйлесімі, сондай-ақ ата-аналардың тәрбие жұмыстарына қызығушылығы арқылы оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге болады

  • Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер: МдҰ мен отбасы сабақтастығының стартегиясын жасау; мәдени іс-әрекеттерді  анықтау яғни, тек ата-аналармен жұмыс атқаруды үйреніп қоймай, әрбір тәрбиеленушінің отбасын, оның ерекшеліктері мен мәселелерін түсіну.

  • Мектепке дайындық ата-аналарды дайындаудан басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі олардың педагогикалық және психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етуі тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі мен отбасы қарым-қатынасының принциптерін қайта қарап, оларды жаңа деңгейде жасау қажеттілігі.
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет