Отбасы әлеуметтануы



бет3/4
Дата19.11.2022
өлшемі4,65 Mb.
#158927
1   2   3   4

отбасылар

  • Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді., ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б) ұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцп экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды-ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды. Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.
  • Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық
  • қатынастардың формалары түрліше болуының
  • себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен
  • және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен
  • анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері
  • Мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды
  • туыс топ,патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады. Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі. Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
  • Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы –шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет