ОтБасы және гендерлік саясат
Түсініктеме: Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
1 -тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
|1. «Әйелдер мен ер адамдар арасындағы теңдік» дегенді қалай түсінесің?
2. Қазақстандағы қандай атақты іскер әйелдерді білесің?
3. Әйел адамдар көбінесе қай салада жұмыс істейді? Не себепті?
4. Сен тұратын аймақта қандай танымал әйел адамдар бар?
2-тапсырма. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне бөл.
Аймақтағы 50-ге тарта үкіметтік емес ұйымды әйелдер басқарады. 2. Республикадағы 25 мыңдай үкіметтік емес ұйымда 250 әйел отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. 3. Отбасы және гендерлік саясат бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығару мәселесі қаралады.
4. Гендерлік теория отыз жыл бұрын әлеуметтік ғылымда пайда болған. 5. Қазақ тілінде қыздар туралы мақал-мәтел жеткілік- ті. 6. Жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
ТЫҢДАЛЫМ АЙТЫЛЫМ
тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Мемлекеттік жәрдемақы кімге, не үшін төленеді?
Сайланбалы билік органдарында әйелдердің саны көп пе?
Қазақстанда әйелдер қай салада қызмет етеді?
Шағын және орта бизнестің неше пайызын әйелдер басқарады?
ТЫҢДАЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ
тапсырма. Мәтінді тыңда. Мәтіндегі жаңа сөздер мен сан есімдерді жаз.
ТЫҢДАЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ
тапсырма. Мәтінді тыңда. Негізгі ақпаратты диаграмма түрінде көрсет
https://drive.google.com/file/d/1o7ORKD7V8eOK2xkjU8PTPCC3l1lrjaUJ/view
6-тапсырма. Мәтінді оқы. Мағыналық бөліктерге бөл. Әр ойбөлігіне тақырып қой.
: Қазақстанда гендерлік саясат жақсы жүзеге асып келеді. Әйелдерге өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуеттерін дамытуға толық мүмкіндік берілген. Мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің басым бөлігін, жартысынан астамын әйелдер құрайды. Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75 пайызға, білім беру саласында 65 пайызға жеткен. Бизнестегі басшылардың 40 пайызы да — әйелдер. Ұлттық экономика : министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде әйел адамдар : басқаратын, жұмыс істейтін 640,5 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Олардың : 542,9 мыңы — жеке кәсіпкерлер. Сонымен қатар әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілер 41,5 пайызды құрап отыр.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» әйел кәсіпкерлерді шағын несиемен қолдау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. «Даму» қоры арқылы 124 мыңнан астам адам білімін жетілдірген, оның 43 пайызы — әйелдер.
: Қ. Мәметқазыұлынан
Тапсырма.
1.Мәтіндегі жаңа сөздер мен сан есімдерді жазыңыз.
2. Мәтінді тыңда. Негізгі ақпаратты диаграмма түрінде көрсетіңіз.
3. Порталға салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |