Отбасы және отбасындағы тәрбиеге тоқталып өтіңіз



Дата07.02.2022
өлшемі20,06 Kb.
#84848
Байланысты:
Отбасы және отбасындағы тәрбиеге тоқталып өтіңіз


Отбасы және отбасындағы тәрбиеге тоқталып өтіңіз
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолдасымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы көреді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- ананың борышы.
Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипатттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мыналар жатады:
1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
2. Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджетті, жалпы материалдық әл- ауқаты, селолық және қалалық отбасы.
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музика аспаптарын пайдалана білу.т.б.
4. Ішкі үйелмендік қатынастар микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, үйелмен мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттік шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі-сол тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастырының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл-күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдайымен ұштаспай қауқарсыздануынан болып отыр.
1. Отбасындағы өктемдік баланың өзіне- өзі басқарудың, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш- жігері төмендейді, сезімді мақұлдайды.
2. Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата- ананың баласына деген сүйіспеншілігі. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.
3. Отбасында бірыңғай талаптың болмауын, ересектер арсындағы алауыздықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өс еді.
4. Ата-ана баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысады, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасыуна кері әсер етіп, бөгет жасайды.
5. Ата-ана баласының іс- әрекетіне немқұрайды қарап, жауыпсыздық танытса, бала оны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алады.
Ата-ана абыройы дегеніміз- бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Отбасының әлеуметтік қызметтері туралы сипаттап жазыңыз
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс — әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасындағы дағдарыстар туралы түсіндіріңіз
Отбасы өміріндегі дағдарыстық кезеңдер ерлі-зайыптылардың бір- біріне бейімделуіне байланысты алғашқы жылдарда, отбасында баланың пайда болуының негізінде жаңа міндеттердің пайда болуымен жəне отбасылық өмірдің 10–15 жылында ерлі-зайыптылардың бір-бірінен жалығу сезіміне байланысты болады. Осындай дағдарыстық кезеңде ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінбеушілік, соның негізінде туындайтын отбасындағы қақтығыстар балалардың дамуына қандай да бір əсерін тигізеді
Отбасылық дағдарысты еңсерудің ең негізгі жолдары психология жағынан өз-өзіне көмек болып саналады. Өз-өзіне көмек - отбасы өзі психологиялық әдістері мен құралдарды пайдалана отырып, үйлесімді отбасылық қарым-қатынас жасауға талпыну, психикалық жақсы денсаулыққа жету үшін отбасының кез келген ересек мүшесі көмек қолын ұсынуі тиіс.
Отбасына көмек беру мәселелерін сипаттаңыз


Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс жасау әдістерін салыстырыңыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет