6.Тест «Бала тәрбиесі».
Ата-аналардан тест алынып нәтижесі шығарылады.
7. «Ашығын айтсам ».
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Сабақтың жүргізілген күні
Менің тренинг барысында түйгенім----------
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
Жүргізушіге ұсыныс---------
Маған ең пайдалы, құнды болған----------
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер----------------
Маған ұнамағаны--------------
Ең жақсы ұнағаны--------------
Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам-------------
Тренингті қорытындылау--------------------------
Қолы------------------------------------
3.Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Әдепті бала
Ата –анасын мақтатар,
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
Үйінде ұл- қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Жақсының сөзі,
шайдай жарық, айдай анық.
Мейірімділік –жүректен.
Атадан - өсиет,
Анадан - қасиет.
8.Қорытындылау.
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту
Достарыңызбен бөлісу: |