Ата – аналарға педагогикалық білім беру үшін ата - аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ – жауап, консультациялар өткізіледі.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата – ана психологиялық – педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды.
Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады.
Ата – аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі.
Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшелік-тері қалыптасуда.
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп.
Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.