Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құлысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме.
Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата – аналарды педагогика – психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.