Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің
өзара байланысын нығайту
Қымбатты ата-аналар! Бүгінгі Халықаралық отбасы күніне арналған «Білім ұлт- сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбындағы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, рухани байлығының молаюына ата –анамен бірлесіп еңбек ету, ұрпақ тәрбиелеудің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, тығыз қарым –қатынас орнату ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Ата –аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланыс арттыру және мейрімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал етеді.
Бейнеу лицейіндегі тәрбие үрдісі, мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие үрдісінде, өзін –өзі тәрбиелеуде өздігінен білім алуда іске асатын ата –ананың көмегімен оқушылардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің асуына бағытталған мектеп ұжымының іс –әрекеттері арқасында іске асады. Ұлы Абай атамыз «Дүниедегі ең ғажайып нәрсе – адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы» деген екен. Ата –ана мен мектеп арасындағы өзара байланысын нығайту жолдарын жақсартуда төмендегідей нәтижелерге жетеді: а) ата-ананың педагогикалық мәдениеті жетіледі; ә) мектеп өміріне белсенділік танытады; б) өз баласының дұрыс дамуы үшін ата-ананың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы қажеттілігі анықталады; в) ұл, қыз тәрбиесіне жауапкершілікпен қаралып, көңіл бөлінеді.
Мектебімізде оқушылармен, ата –аналармен, ұстаздар қауымымен бірлесіп жыл бойы жасалған жұмыстардың негізгі формаларын сіздерге ұсынғалы тұрмын. Біздің білім беру мекемемізде жүйелі ата –анамен ынтымақтастық бағытта орнаған. Сіздерге ұсынылатын биылғы оқу жылындағы тәрбие бағыттарындағы сан алуан шығармашылық формалардағы тәрбиелік шаралар дәлел. Уақыттың тығыздығына байланысты әр бағыттағы бір - бір шараға шолу жасап өтуді жөн көріп отырмын.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында «Спорт» апталығында өткен спорттық жарыстарға ата-аналар қауымы белсенді қатысып келеді. Атап өтсем әкелердің қатысуымен «Әкеммен бірге» ұлдар арасында кіші футбол сайысы, «Біз бақытты отбасымыз» сияқты отбасылық сайыстардың бірнешеуі өтті.
Алға қойған мақсат – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру жəне құқықтық сауаттылығын дамыту."Адал ұрпақ" еріктілер клубының ұйымдастыруымен республикалық "Бала құқығы- адам құқығы", "Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" онкүндік аясында "Бала зорлығы-қоғам қасіреті» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Сабаққа 8,9,10-сынып оқушыларымен бірге ата-аналар комитеті қатысты. Қатысушылар қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық -зомбылық пен қатігездіктің зияны мен салдары туралы өз ойларын ортаға салды.
Ұл баланың тәртібі мен қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлу мақсатында ата –аналар отбасы тәрбиесі назардан тыс қалмайды. Тәрбиенің бастауы, ұлттық танымның қайнар бұлағы, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырушы үлкен мектеп – аналар мектебі мен әкелер мектебі. Ата-аналарымызды құрметтей отырып, салт - дәстүрімізді қадірлей аламыз. Ал, аналар мектебі барлық тәрбие мектебінің бастауы болмақ. Осы мақсатта қазіргі қыз балалар үшін ананың ақыл –кеңесі, өсиеті, көмегі ауадай қажет. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен шектелмейді. Соның дәлелі «Жауқазын» қыздар ұйымында өткізілген кеңесте «Арыңды жасыңнан сақта!», ал ұл балалардың мəдениетін, ортамен қарым қатынасын қалыптастыру мақсатында жəне қоғамдағы ер азаматтың рөлі туралы «Мұрагер» ұлдар ұйымындағы «Ер бала-ел ертеңі» атты кездесулерді атап өтсем болады. Үлкенін сыйлау, қариясын құрметтеу - біздің ұлттық дәстүріміз. Қазақ қоғамында қарияларға деген құрмет қашанда ерекше болған. Сөзімізге дәлел келтіре кетсек «Ата-әулеттің тірегі, әже- ұрпақтың жүрегі» тақырыбында ауыл ақсақалдарымен рухани кеш ұйымдастырылып, туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, ұрпағы үшін адал игі істер жасаған, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан оқушыларымыздың ата-әжелері шақырылды. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсірген ата-әжелеріміздің әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізетін рухани кеш болды. Халқымыздың тарихын, тілін, салт дәстүрін бойына дарыту және өнерін үйретуге, оны құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу бағытында лицейдегі «Жас ұлан» оқушылар ұйымымен бірлесіп өткізілетін ұлыстың ұлық мерекесі Наурыз мерекесіне ата –аналарсыз өткізу мүмкін емес. Сондай –ақ ата-аналар комитетімен біріккен жоспарына сәйкес "Атадан-өсиет, анадан -қасиет" тақырыбында шеберлік сынып сағаттарын өткізу жоспарланған болатын. Соның дәлелі ата-әжелер мен ата-аналар тарапынан әр түрлі тақырыптарда шеберлік сабақтарын сынып жетекшілер сынып сағаттарында бірлесе өткізуде. Атап өтсем,
Отбасы мен балалардың мүддесін қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекетіміздің басты бағыттардың бірі. Осы бағытта лицейде міндетті оқу айлығы аясында «Қамқорлық», «Жол ашар» қайырымдылық акцияларында, жазғы сауықтыру лагеріне және басқа да қайырымдылық шараларына ата –аналар қауымы қамқорлық танытып жүр. Бұл жерде ата –аналар тек аз қамтылған отбасы балаларына емес, жоғары деңгейде жетістікке жетіп жүрген дарынды оқушылардың мерейі үшін демеушілік көрсетіп келеді. Аталған қайырымдылық іс-шараларына демеушілік жасап жүрген жомарт жүректі барша ата-аналарға өз атымнан алғыс білдіремін.
Баяндаманы аяқтай келе ұсыныс ретінде, жалпы мектеп деңгейінде ата –аналар мен балалардың мәселелері талқыланатын дебат –клуб ұйымдастыруды қолға алсақ. Ол қызығуы ортақ ата –аналардың, мұғалімдердің және оқушылардың бірлестігі болмақ. Оқушылар әр кезде ересектермен айтыс –тартыс жасауға ұмтылады. Сондықтан осы типте шаралар жасауға болады.
Мен атап өткен іс- шаралардың арқасында ұстаз, шәкірт, ата –ана – үш буынның, үш құдіреттің бірігіп іс – қимыл жасауының нәтижесінде, мектеп оқушыларына жан – жақты саналы тәрбие, сапалы білім беріліп, оқу сапасы жыл өткен сайын көтерілуде. Мұндай іс-шаралар ата-анамен баланың арасын одан әрі жақындата түеді.
Құрметті ата-аналар! Әрине, ата –ана әртүрлі, олардың мектепке көзқарасы да сан –алуан, сондықтан қандай да мектеп болсын, ең бірінші «әлеуметтік институт» ретінде «Отбасы – оқушы - мектеп» үш тағанын дұрыс қалыптастыруға күш жігерімізді аямайық!
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |