Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы- кішкентай адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.
Нақ отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге
(ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.