Отбасы-тәрбие факторы ретінде



Дата25.10.2022
өлшемі21,07 Kb.
#154863
түріСабақ
Байланысты:
отбасы тәрбие ретінде
әлеуметтану срс, Биологияға кіріспе , .Тексерілд1.docx.07.10.2019, отбасында балаларды дұрыс тәрбиелеудің шарттары, азіргі заман ы аза стан жастарыны этикалы ндылы тары, ассл, Баяндама.Дана Амангелді

Отбасы-тәрбие факторы ретінде
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға əрекет жасаудың нұсқасы ретінде əлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан əсер ету үдемелігі мен нəтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты əсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тəрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Отбсылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

  • үздіксіздік;

  • тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;

  • тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;

  • тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);

  • қарым-қатынастың жекелігі;

  • өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы

Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.
Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тəрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тəрбиесіне ықпал етеді.
Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын əрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін əдетке сай əрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мəселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.
Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.
Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
Түзету дегеніміз – педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді.
Балаларды тəрбиелеуде ата-ананың стилі де маңызды рөл ойнайды. Атап айтқанда, А. Болдуин ата-аналық тəрбие тəжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық жəне қадағалаушы.
Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мəселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.
Қадағалаушы стильде ата-ана баласының əрекеттерін едəуір шектеп отырады: балаға шектеудің мəнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.

Әдебиеттер;


1.Баймұқанова М.Т. Отбасымен əлеуметтікпедагогикалық жұмыс. – Астана: Парсат əлемі баспасы, 2005. – 180 б.

  1. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы. –Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 239 б.

  1. Жаназарова З.Ж. Современная семья в Казахстане и ее проблемы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 257 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет