3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі» Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем» 1-топ: Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол – 2-топ: Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол – 3-топ: Ұстаз бақыты, ол – Отбасы бақыты, ол- Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.
Тренингке қатысушы көрермендермен сергіту «Таңды қалай қарсы аламын?»
Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.
Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.
Анам кіріп келіп:
- Неге жылап тұрсың? – деді.
- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім
- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.