Либералды стилдік қатынас орнаған отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке душар етеді.
Қазіргі заман отбасы тәрбиесі гуманистік педагогика принциптеріне негізделеді. Ол прициптердің бастылары:
- креативтік (еркіндік) - бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы;
- гуманизм - тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап, ең жоғары құндылық ретінде бағалау;
- демократизм - ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар теңдігін қалыптастыру;
- азаматтық - қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өзін «Мен» танып, қастерлей білуі;
- ретроспективтік - халықтық педагогика дәстүрлері негізінде жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу;
Сонымен, отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажетті. Болашақтағы еңбек, қоғамдық отбасылық өмірге бейім, дені сау, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау - отбасы міндетті.
Отбасының тәрбие өмір салтында оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері ата, ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет педагогикалық тәсілдер әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс-әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата ананың басшылығымен бақылаумен әр түрлі іс-әректке оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б. балаларды араластыруда.
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана баланың арақатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырады. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоцианалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.