Отбасы туралы жалпы түсінік және оның пайда болу тарихы


Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз



бет12/23
Дата20.03.2022
өлшемі141,13 Kb.
#136468
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме, Сынып жетекшісі және оның тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ролі., Инклюзивтік білім беру мәселелерінің Қазақстандағы жағдайы
Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз.
Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынастың барысында барлық қатынасқан субьектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілік қасиеттерді сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізу бағытында болғанда ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.
Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттерімен де тікелей байланысты. Сондықтан отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолданумен қатар әр баланың жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау қажет. Осы қарым-қатынас барысында әр баланың жеке позициясы және мінез акцентуациясының көрініс беруі т.б. қасиеттері үлкен рөл атқарады. Сондықтан балалардың жеке-даралық қасиеттерін бағалау үшін төмендегідей әдістемелерді қолдануға болады:

  • Дж.Мореноның «Социометрия» әдістемесі;

  • оқушылардың жеке-даралық қасиеттерін, коммуникациялық және ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеуге арналған (КОС) әдістеме;

  • Леонгардтың «Мінез акцентуациясын зерттеу тесті»;

  • агрессияны анықтауға арналған Басса-Дарки әдістемесі және т.б.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті оның мінез-құлқын, тәртібін реттейді. Қарым-қатынаста адамның қас-қабағы, бет-жүзінің құбылысы, дауыс ырғағы, жалпы көңіл-күйі маңызды қызмет атқарады. Адамдардың жайдары өзара жақсы қарым-қатынаста болуы тілектестік, ниеттестікті білдіреді.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модельге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізді. Г.М.Андреева, Э.Берн зерттеулерінде келесі көрсеткіштер анықталған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас обьектісіне көзқарасы,өз құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі реттей білуі, әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, мінезі, көңіл-күйі т.б. 
Қарым-қатынас мәдениетін:

  • қарым-қатынас ретінде;

  • жүйе құраушы, кіріктіруші әлеуметтік фактор ретінде;

  • көркем, эстетикалық, ақпараттық және т.б. мәдениет түрлерімен бірге қарастыруға болады.

Балаларды тәрбиелеу белгілі бір құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Әдістер қаншалықты жақсы болғанымен, олар белгілі бір жағдайларда ғана тиімді нәтиже береді:
- кез келген әдіс (әдістер тобы) ізгілікті, баланы қорламайтындай, оның құқықтарын бұзбайтындай болуы тиіс. Бұл кез келген жастағы балаларға қатысты.
- әдіс шынайы, жүзеге асатындай болуы тиіс, ол логикалық аяқталғандықты талап етеді.
Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының қоғамда қалыптасқан қатынастарды қалай игеретініне тәуелді. Бұндай игеруді қамтамасыз ету үшін тиімді тәрбиелік әдістерді таңдау және тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Халықтық педагогика идеялары негізінде жастардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі үлттық мәдниетті дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдни мұраларымыздың мәнін түсіну тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәденитті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізнде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді -өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз мен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарту арқылы өзіміздің ұлттық мәдени деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәденитін қалыптастыруды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Қарым-қатынас – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы.
Қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы.
В.С.Библердің зерттеулерінде мәдениет ұғымы төмендегідей жіктеледі:

  • Біріншіден, мәдениет әр түрлі (өткен, бүгін, болашақ), мәдениет адамдардаң қарым-қатынасы мен бір кезедегі болмысы, мәдениетті туғызушы диалогиялық формасы;

  • Екіншіден, мәдениет – жеке адам шегінде индивидтің өзіндік детерминациясы, өмірінің, санасының, ойлауының формасы;

  • Үшіншіден, мәдениет – әлемдік «қайта жаратылу» жолдары.

Олай болса, мәдениет-адамның құндылығы, оның қайталанбас белгісі.
Мәдениет өзінің ішкі механизмдерімен адам тұлғасының бағытталғандықтан, оны өзін-өзі танып білу немесе адамның рухани өмір баяны деп есептелінеді. Мәдеиеттің өмір сүруінің шарты – ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырады. Сондықтан мәдниет өзін-өзі тарату мәселесін алдыңғы орынға қояды.
Философия, психология, мәдениет тану өкілдері қарым-қатынас – табиғи күштерді басқару және адамның қажеттілгін қанағаттандыру үшін игіліктерді игеру үшін қалыптасқан жол, сонымен бірге адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін табиғи инстинктерді біріктіретін құбылыс п көрсеткен.
Қарым-қатынас жүйесі көп қырлы, философиялық, танымдық теориясы барлық пікірлердің әдіснамалық негізі болып табылады.
Қарым-қатынас үдері субъектілер, күрделі жүйелер формасы ретінде социомәдеи детерминациясы ұғымын анықтайды, яғни ақиқат өмірдің қарым-қатынасқа негізделген формасын, қызметін, құрылымын. Тереңдңгңн зерттейді.
Жеке тұлғаның әлеуметтені проблемасында қарым-қатынастың маңыздылығын дәлелдейтін еңбектер бар, олар: Л.П.Буева, Е.Г.Злобина, М.С.Каган, В.М.Соковнин және т.б зерттеулері маңызды.
Қарым-қатынас пен тұлға мәселесін әр қырынан зерттеген Н.А.Асипова, Р.А.Дюсупова, Н.Д.Неустроева проблеманың ғылыми практикалық негізін, ұлттық ерекшелктерін, педагогикалық негізін, педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін теориялық, әдістемелік тұрғыда аша білген.
Бұл теорияға ұқсас ой нақты «мен», қалыптасқан қатынас, адамның бір-біріне тәуелділігі, субъект-объект аралық қатынастары мәселелері О.В.Шмайлова еңбектерінде көрніс тапқан.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынас кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде қарым-қатынас жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктірген.
Бірінші - мегафакторлар («мега»-өте үлкен) – ғарыш, ноосфера, планета, әлем, бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші – макрофакторлар («макро» -үлкен):

  • ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекеде өмір сүретін тұрғындар

Үшінші – мезофакторлар («мезо» - орташа):

  • тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобы.

Микрофакторларға – белгілі нақты адамдар әсер ететін қозғаушы күштер жатады: әйел мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
мектепте адамгершілік пікірді оқытушының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тәрбие үдерісіне көңіл бөлген қазақ ойшылдары М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б.
Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығы төмендегі критерийлер тобымен айқындалады:
- сөйлеу мәдениеті;
- қарым-қатынас іскерліктері;
- қарым-қатынастық ойлау;
- құндылық бағдарлар;
- бос уақыттағы қызығушылықтар.
Төмендегі критерийлер бойынша мәдениеттің ұйымдастырушылық тобын бағалауға болады:
- әлеуметтік-психологиялық ахуал;
- топтық құндылықтар;
- бос уақытқа байланысты құрылған топтардың өзін-өзі ұйымдастыру деңгейі;
- топтық ынтымақтастық;
- топтық қабылдаудың біртұтастығы;
- мақсатқа бағыттылық.
Қарым-қатынас мәдениетінде эмоционалдық критерийлерге де айрықша мән беріледі:
- эмоционалды түрде іс-әрекетке ену;
- мәдени-сауықтық іс-шараларға қатысу арқылы қанағаттанғандық сезімде болу.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетінің критерийлерін қарастыра отырып, оның үш негізгі мотивін бөліп көрсетуге болады: іскерлік мотивтер ынтымақтастыққа, ойынға, жалпы белсенділікке қабілеттіліктен көрінеді; жаңа әсерлерге қажеттіліктерді қанағаттандыру үдерісінде пайда болатын танымдық мотивтер. Оның негізгі көзі - жаңа ақпарат беруші және бастауыш сынып оқушысының пікірі мен сұрағын түсінетін және бағалай алатын тыңдаушы – ересек адам.
Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А., Петерина С.В., Лисина М.И. және т.б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді.
Сонымен, балалардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Бала отбасы мүшелерімен тікелей эмоциялық қарым-қатынаста бола отырып, тек сөйлеу мен ойлау, нысандық іс-әрекеттер мен тұлғаралық өзара қатынастар дағдысын ғана алып қоймай, қаласын-қаламасын үлкендердің мінез-құлық үлгілерін де бойына сіңіреді. Ата-аналары бала үшін оның отбасының өмірі бір бөлшегі болып табылатын мәдениеттің шынайы әлемін білдіреді.
Отбасы бала үшін қоғамның тікелей қабылданатын алғашқы моделі, ал
отбасындағы өзара қарым-қатынастар – тұлғааралық қарым-қатынастардың
негізгі үлгісі болып табылады.
Отбасындағы ата-ананың махаббаты мен қамқорлығы, баланың ата-анасына психологиялық тәуелділігі (олар оның көз алдында тек қана оған тиесілі) балаға ерте жастан білім мен дағдылар беруге оңтайлы жағдай туғызады.
Отбасының мәдениеті айтарлықтай жоғары болған кезде әрі отбасыішілік қалыпты қатынастарда отбасындағы тәрбие жоғарғы дәрежеде дербестендіріледі, яғни әр баланың бейімділіктері мен табиғи ұшқындарына сәйкес бола алады. Отбасы тұлғаның өнегелік және зияткерлік даму үдерісін реттеп отырады, сыртқы теріс факторларды бейтараптандыра түсіп, оң әсер етулерді белсендіре түсуге ықпал етеді.
Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет