Педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» — өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ» деп анықтама берілген.
Философиялық тұрғыда «отбасы» — қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы — некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген.
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады:қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ.