Он екі елі ішектің жара ауруы, жедел холециститпен, ішек түйілуі, алкоголді ішімдектерді аса көп пайдаланытын адамдарда токсикалық гепатитпен жүргізеді. Жедел панкреатиті бар науқастар мамандандырылған ауруханаға тасымалдауды қажет етеді (қабылдау бөлімшесі). АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ САТЫДА КӨМЕК АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ САТЫДА КӨМЕК - Көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
- Инфузиялық терапия (800 мл-ден аса) т/і тамшылатып: натрий хлориді ерітіндісі 0,9% — 400 мл, глюкоза ерітіндісі 5% — 400 мл.
- Жансыздандыру (АҚ төмендеуі мүмкін болуына байланысты инфузиялық терапия аяқталғаннан соң)
- Орташа интенсивті ауырсынуда спазмолитиктерді қолданады: дротаверин т/і, баяу 40—80 мг (2% — 2-4 мл). Нитроглицерин таблеткасын тіл астына (0,25 мг немесе 0,5 табл.) немесе спрей түрінде (400 мкг немесе 1 мөлшерде) қолдануға болады.
- Айқын ауырсыну синдромы кезінде наркотикалық емес анальгетиктерді қолданамыз: кеторолак 30 мг (1 мл), т/і немесе б/е (т/і әсері 15 с ішінде, б/е енгізгенде – 30 мин-тан кейін болады).
Достарыңызбен бөлісу: |