Аналық без апоплексиясына құрсақ ішілік қан кету (анемиялық түрі), ауырсыну синдромы (ауырсыну түрі) тән. Ауру жедел, зақымдалған аймақта іштің төменгі бөлігінде кенет ауырсынудың пайда болуымен баста
Аналық без апоплексиясына құрсақ ішілік қан кету (анемиялық түрі), ауырсыну синдромы (ауырсыну түрі) тән. Ауру жедел, зақымдалған аймақта іштің төменгі бөлігінде кенет ауырсынудың пайда болуымен басталады.
Аналық бездің апоплексиясы(аналық бездің жыртылуы, инфаркті, гематомасы) – аналық бездің бүтінділігінің жедел бұзылуы және стромасына қан құюлу, құрсақ қуысына қан кету.
Аналық бездің апоплексиясы (аналық бездің жыртылуы, инфаркті, гематомасы) – аналық бездің бүтінділігінің жедел бұзылуы және стромасына қан құюлу, құрсақ қуысына қан кету.
Аналық бездің апоплексиясы көбінесе репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі, бірақ жасөспірімдерде де болуы мүмкін. Аналық бездің жыртылуы жиі овуляция, васкуляризация кезеңінде және іркіліс гиперемиясы нәтижесінде сары дене өсуінде, варикозды кеңейген немесе склерозданған тамырлары болғанда, стромада склероздық өзгерістер және вегетативті, эндокринді жүйе қызметтірінің бұзылыстарында болады. Пайда болған гематома, аналық без ішілік қысымның жоғарлауы нәтижесінде кенет ауырсынуды шақырады, кейін аналық без тінінің жыртылуына әкеледі.