«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі


«Отбасылық социограмма» тесті



бет4/4
Дата04.01.2022
өлшемі16,47 Kb.
#109198
1   2   3   4
Байланысты:
Отбасына арналған әдістемелер

«Отбасылық социограмма» тесті.
Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама түрде «қазір және осы жерде» анықтау.
Орындау ережесі.Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады.Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі.Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған.Тестті орындау барысы түсіндіріледі.Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеңбер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек.Соннан соң отбасы мүшелерінің әрқайсысын шеңберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады.Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара отырып толтыруы керек.

Нәтижесін талдау.

Бірінші белгі бойынша талдау:отбасы мүшелерінің кеңістікте орналасқаны талданады.Адамдардың барлығы бір қатарға қойып салу-шынайы өмірдегі олардың арасындағы қатынастың біркелкі болғанын көрсетеді.Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қақтығыста болып,жанұяда ауызбіршілік болмаса онда осы жағдайға кінәлі деп жүрген алам шеңберге кірмей,оның сыртында қалады немесе бір жануардың аты салынады.

Екінші белгі бойынша талдау:дөңгелектердің көлеміне қарай жүргізіледі.Егер кімде-кім өзін үлкен шеңбер етіп салса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары,ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытынын көрсетеді.Ал төмен жағына салғаны-өзіндік бағалауы төмен болғанын көрсетеді.



Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібі талданады.Отбасы мүшелерінің кім-кіммен жақын екендігі,ерекше маңызды орында екені анықталады.Шеңбердің ішінде орналасу басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса,зерттеуші көзқарасы бойынша ол аса сыйлы,маңызды адам қатарына жатады.

Төртінші белгі,бір-бірінің үстіне орналасқан.Отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығын көрсетеді.Ең үстінде орналасқан адамның отбасындағы орны ерекше,ол барлық басқа мүшелерге билігін жүргізіп,өктемдік көрсететінінің белгісі.Немесе суреттің авторының сол адамды барлығы ерекше сыйлайды деп түсінуін білдіреді.Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет