Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
Оның жетістіктерін атап оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
Есте сақтаңыз: («Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!») сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.
ҮШІНШІ КЕҢЕС: балаға жаңа өмір тәртібіне үйренуге көмек беріңіз
Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.
Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз. Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге , жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.
Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.
Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.