«Отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылық пен суицидтің негізгі себептері. »
Ата-аналармен жұмыс
Мақсаты: жасөспірімдердің деликвентті мінез-құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздықтың әлеуметтік –психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Міндеттері:
Жалпы отбасындағы қолайсыздық түрлерін анықтай отырып, теориялық мағұлмат беру.
2. Отбасындағы балалармен дөрекі қарым-қатынас түрлерін анықтау.
3. Деликвентті мінез-құлық пен отбасы қолайсыздығы мәселелерін шешудің кейбір жолдарын ұсыну.
1. «Қанеки, амандасайық»
Мақсаты: өзара қарым-қатынастың жайлылық жағдайын құру. Сонымен бірге бүгінгі семинарымыз ата-аналармен жұмыс болғандықтан ата-аналар мен мұғалімдердің арасында да пайлануға болады.
Шарты: Қатысушылар психологтың дабылы бойынша бөлмеде шашырап жүреді. Жүрген кезде бір-бірімен амандасады. Психологтың шапалағы білдіреді: бір рет-бастарың изеумен; екі рет-қолды ұстап; үш рет- иықтарымен; төрт рет –арқаларымен.
2. «Менің көніл-күйім ұқсайды...»
Мақсаты: бүгінгі семинарға қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерін қалыптастыру; қиялдарын арттыру.
Шарты: Қатысушылар кезекпен бүгінгі көңіл-күйлері қандай жыл мезгіліне, табиғат құбылысына, ауа райына немесе тағы бір нәрсеге ұқсайтынын айтады. Мен өзім бастайын: «Менің көңіл-күйім көгілдір аспандағы ақ мамық бұлтқа ұқсайды, ал Сіздікі?». Жаттығу шеңбер бойы өткізіледі.
1 слайд
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов:
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»
2 слайд
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе.
Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.
3 слайд
Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнін өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.
Жоғарыда айтқан жазушы-педагог Ж.Аймауытовтың ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасының мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Осы бала тәрбиесі саласындағы мамандар ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
4 слайд
Тәрбие стильдері
Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен ерекшеленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, Оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі. Олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып мәселелерімен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіресе сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпағаны жөн.
5 слайд
Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді. Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.
Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар әдепсіздік жасауы мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады. Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз. Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.
6 слайд
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына , ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.Баланың айтайын деген өтінішін , ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
7 слайд
Белгілі психолог А.В. Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке бөледі. Олар мыналар:
1. Үстемдік жағдайында баланың өз бетімен іс - әрекет жасауна жол берімейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде - бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне қатыспайды.
2.Қамқоршылылдық жағдайы — о л балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бүлай өскен бала түрлі қиыншылықтармен кездескенде дүрыс шешеім таба алмай, өмірдің шынжыр тобына түтімдеп үрейленіп, қайғыра бастайды.
3.Қақтығысушылық отбасы мүшелерінің аратындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір - біріне наразылық білдіру, бірін - бірі табалаушылық отбасы мүшелернің шиеленістіруге ықпал жасайды, олардыңауыз бірлігі бүзылады.
4 .Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір - бірімен ақылдаспай томаға өмір сүреді. Бүндай отбасында қатігездік, селқостық сезімдер байқалады.
5.Ынтымақтастық үлкендер мен блалар арасындағы сыйласушылық принципіне сүйенеді. Мүндай отбасында балалардың пікірлері де тындалып, барлық мәселе бірігіп шешеіледі. Ынтамақтастық отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау — жанжалдан ебін тауып, абыроймен қүтылу.
Бұл категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттерін анықтауда «отбасындатәрбие жетіспеушілігінен» деп түжырым жасап, даулы пікірлер туындамас үшін «қиын» баланың мінез - қүлық ерекшелігінің себеп - салдарын анықтап, оның басындағы қиыншылықтардың түп - төркінін тауып барып, оны қалыпқа келтіру шараларын жүргізген жөн.
8 слайд
Олар отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты (толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы, т.б.),кеңірек тоқтала кетсек: эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жылауық, т.б, жеке тұлғаның дамуында психологиялық бір ізді жүйенің болмауынан ол: еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б, сонымен қатар отбасылық дағдарыс, жанұядағы бәсекелестік, жанұядағы жаңа мүшенің пайда болуы, маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне - өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) және т.б.
Осы аталған қолайсыздықтан шығатын қиындық түрлеріндегі мінез-құлықты зерттеген психологтардың тұжырымына тоқталсақ:
Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:
Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.
Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.
Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу
Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.
16 слайд
Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше феномен. С.И. Голод (1998) пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата – ананың қамқорлығын қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы және баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін – өзі бағалауына әсер етеді. Зерттеулерде ата – атаның жеткіншекке көңіл қойып, жылылық танытуы, олардың болашақта жағымды өзін – өзі бағалауын қалыптастырады. Ата – ананың қатаң, негативті қарым – қатынасы кері әсерін тигізеді: мұндай балалар сәтсіздіктерін бір нүктеге топтастырып, тәуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан қашады, агрессивті және дөрекі, сонымен қатар мазасыздық деңгейі жоғары болады. Отбасында балаға эмоциялық қарым – қатынастың маңызы зор.
17 слайд
Психологиялық диагностика. Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
Психологиялық коррекция. Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
18 слайд- 24 слайд диаграммалар
25 слайд
26 слайд сауалнамалар
Отбасыңыздағы жағдай Сізді қанағаттандырады ма? әдістемесі
«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі Авторлары Э.Г. Эйдемиллер және В. Юстицкий.
«Отбасылық социограмма» тесті. авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин
«Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» әдістемесі. Авторлары Е.Бене және Д.Антонии.
«Ата - аналардың өзін-өзі диагностикалауы» авторы американдық психолог Джеральдина Чейни
Ата-аналарға өз байқауларын тексере отырып, баланың туа біткен дарынын анықтауға көмектесетін тест
«Сіз қандай ата-анасыз?»
«Сіздің тәрбие стильдеріңіз?»
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы.
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
«Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін анықтау шкаласы»
Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варға, В.В.Столин)
Ата-аналарға арналған сауалнама «Балаларды тәрбиелеу түрлері».
27 слайд кеңесетр
Қалаусыз туған бала
Отбасы жеке тұлғаның психологиялық травматизмнің қайнар көзі ретінде
Отбасы динамикасы
«Өмірді жақсы жаққа қарай өзгерту»
Неге баланың оқығысы келмейді?
Баланы оқуға қалай ниеттендіру керек?
Екінші жұбайы мен бірінші балалары: кім қымбатырақ?
Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы
Қыз балаға әке қаншалықты қажет?
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата – аналарға кеңес
Адам қалай өзіне сенімді бола алады?
Депрессиядан қалай арылуға болады
Жайдарлылық - адамдардың бір – біріне деген жылулығын ашатын кілт
Психолог кеңесі
Ата-ананың ұйымдастырушылық қабілеті жайында ата-аналарға психологиялық кеңестер
12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес
Сыйлық жасай білуге қайтіп үйретуге болады?
Бала үйден қашпасын десеңіз.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
28 слайд ата-аналар жиналысы ,тренинг
Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі,қолдау көрсетуі
Әркімнің ата-анасы-әулиесі
Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет
«Сынақ» іскерлік ойыны
«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.
«Мен сені түсінуге тырысамын…»
Ата - аналарға
«Ата-ананың қадірің балалы болғанда білерсін»
«Бала өміріндегі жәбірлеу»
“ Бала бойындағы агрессивті қиялдың қалыптасуы”
“Қабілеттілікті дамытудың негіздері”
2 кезең практикалық кезең
29 слайд Практикалық кезең
Сіздер көріп отырған топтарға байланысты психолог маман ретінде әр топтағы ата-аналармен қандай жұмыстар жұргізуге болатындығын айтасыздар.
2 жаттығу орындамас бұрын мен сіздерге мақал мәтел таратып шығамын. Мұқият таныс боламыз. Енді сол мақал-мәтел ым-ишара арқылы бізге түсіндіріп береміз.
Еңбек жайында
Жылый-жылай жар қазсаң
Күле-күле су ішерсің
Алыстан арбалағанша
Жақыннан дорбала
Ерінбеген етікші болады
Шаруа жазда қысылар,
Қыста қысылар.
Ауырдың үстімен , жеңілдің астымен
Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабысқан дертпен тең.
Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Ер еңбегімен озады
Еріншек езілумен тозады.
Оқу
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқығанның бәрі жарық,
Оқымағанның беті шарық.
Білегі күшті бірді жығады
Білімі күшті мыңды жығады.
Сабағы жаман жемістің, дәні де жаман.
Ұстаздан шәкірт озар.
Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
Оқу түбі тоқу.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Білім қымбат, білу қиын.
бала
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
Балалы үй базар,
Баласыз үй мазар.
Бала анаңы бауыр еті
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.
Ат болар құлынның,
Бауыры жазық келер.
Адам болар баланың,
Маңдайы жазық келер.
Бала, баланың ісі шала.
Ал енді мақал-мәтелдеріміз әр түрлі тақырыпта Олар еңбек, оқу, және бала жайында әрқайсымыз орынымыздан тұрып. Тақырыпқа сай орналасамыз.
Енді мен сіздерге жағдаяттар ұсынамын.
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз!» деп күйіп-піседі.
5-сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын»-дейді.
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Сіздер осы ұсынылған жағдаятты алдыларыңыздағы мақал-мәтелді пайалан отырып, ата – ана мен педагог байланысын нығайту үшін не істеу керетктігін қандай да бір қойылым арқылы көрсетесіздер.
3 жаттығу екі топқа ойын керек.
Қазір біз отырған орнымыздан тұрып жарты шеңбер жасайық
Сосын өзім дүйсенбі сейсенбі деп бөліп шығам
«Идеалды отбасы» жаттығуы.
(оқушы түсінігі, оқушының орнында сіз осы тапсырманы қалай орындар едіңіз)
Жеткіншек жастағы балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?
Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?
Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай?
Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді?
Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес,сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден тұрады. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
Әр топ өз ойларын сурет арқылы жеткізеді.
4 жаттығу
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады.
1 топ . Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық хаттар,жарнамалық қағаздар,ескі кітаптар.
2 топ Коллажды тұрмыстық затардан жасайды.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.
Қорытындылау.
«Тілек шамы».
Мақсаты: рефлексиялық қорытынды. Семинардан алған әсерлерәін 3 сөзбен ғана жеткізу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.Тек бұл жаттығудың шарты тілегіңізді айтар ойыңызыд тек қана үш сөзбен жеткізесіз.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Достарыңызбен бөлісу: |