Отбасының әлеуметтік және құқықтық негіздері. Отбасына көмек көрсету жолдары



бет1/2
Дата21.11.2022
өлшемі21,52 Kb.
#159215
түріКодекс
  1   2
Байланысты:
Отбасының әлеуметтік және құқықтық негіздері


Отбасының әлеуметтік және құқықтық негіздері. Отбасына көмек көрсету жолдары.
Отбасы-мемлекеттің ірге тасы.Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік ,бақытты болуына да байланысты.Отбасы мүшелерін эмоционалдық жылылықтан басқа бір бірінің алдындағы құқық және міндеттер де біріктіреді. Отбасы – барлық адамға қажетті орта. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады.
1917г. революциядан кейін отбасы туралы екі реформа қабылданды: бірінші - «О гражданском браке, детях и о ведении книг актов гражданского состояния» декрет болса( некеге тұру жасы ерлерге - 18жас, ал әйелдерге 16- жас болып бекітілді), екіншісі - «О расторжении брака» бұл декрет бойынша ажырасу шіркеуден алынып соттың қолына берілді. Неке, отбасы, қамқорлық туралы Кодекс 1926ж. қабылданды. Некеге тұру жасы ерлерге де әйелдергеде – 18 жас деп белгіленді. 1936ж. Бұл Кодекске өзгертулер еңгізілді. 1947ж. Указ бойынша шетел азаматтарымен некелесуге тыйым қойылды. 1998 ж. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңы жарыққа шықты.
ҚР Конституциясының 27 тарауында неке мен жанұя, ата- анамен, бала құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45- тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, 1994 жылы Казахстан Республикасының Президенті Балалар құқығы туралы Конвенциясына қол қойды, ол балалар құқығын 21б.қорғау мәселесін дүниежүзілік статусқа ие болуына мүмкіндік берді.
Отбасы құқықтары "Неке және отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы Кодексі", балалар құқығы туралы Конвенция (1989) т.б. Балалар құқығы туралы 2002ж. ҚР екі Заң қабылданды, біреуі кемтар балалар жайында. Сондай- ақ жетім, дарынды, көп балалы отбасындағы балаларға да көмек көрсетілу қарастырылып отыр.
Балалардың құқығы туралы 2002 жылы екі бірдей Заң қабылданған, біреуі мүгедек балалардың құқығын қорғау, қамқорлыққа алу мәселелеріне арналған. Қазақстанда «Отбасы және демография » , «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы»секлді ұйымдардың, « Бөбек» қорының құрылулары отбасына баса назар бөлінуінің айғағы. 1992 жылы «Көп балалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы» жарлық бойынша көп балалы отбасыларына жеңілдіктер тағайындалды. 1995 жылы Президенттің Жарлығымен «Отбасы ,әйелдер және демографиялық мәселелері» бойынша арнайы кеңес құрылды. Ол отбасының әлеуметтік экономикалық жағдайын, демографиялық мәселелерді , еңбекпен қамту ,әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, мүгедектер мен зейнеткерлерге қолдау жасау т. б. мәселелердің дұрыс шешілуімен айналысады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданды. Бұл заңда некеге тұру жасы – 18 болып белгіленді.
Неке және отбасы мәселелері «Неке және отбасы Заңында» толық қарастырылған.
ҚР отбасы қатынасының принциптеріне жатады:
1. еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;
2. олардың отбасында тең құқықтылығы;
3.отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4. отбасының ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5.балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп– жетілу мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау;
6. отбасының кәмілетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7.отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
8. отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді. Заң келесі бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары, азаматтық хал актілері, неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы. 1996 жылы Алматыда « Бөбек» қорының қолдауымен жас аналар үшін «Дом.надежды» ашылды. 1997жылы фонд «SOS- Kinderdorf», Гельмут Кутин, басқарған « Бөбек» қорымен бірге жетім балалар үшін отбасы типіндегі ауылдарды Алматыда , кейін Астанада, 2001жылы Теміртау қалаларында салынды. Жетім балалар үшін 15 приют, жасөспірімдер үшін «Дом Юношества» деген приюттар ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет