«отбасының СҮреті» әдістемесі


Суреттің түстері – адамның сезімдерін білдіреді



бет8/8
Дата11.03.2022
өлшемі58,61 Kb.
#135144
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Otbasy sureti 1241 distemesi

12. Суреттің түстері – адамның сезімдерін білдіреді.
Отбасындағы жақсы көретін адамдарын бала ең сүйікті түстерімен бояйды. Ал сүйкімсіздерін күңгірт түстерге бояйды. Ашық түстер көңіл-күйдің көтеріңкі екенін білдірсе, күңгірт түстер қобалжу, қорқыныш, жайсыздықты бейнелейді. Көп жағдайда бүлдіршіндер аналарын қызыл көйлекте, әшекей бұйымдармен бейнелеп, өз махаббаттарын көрсетіп жатады. Сүйікті адамдарының бәрін, бала сәнді етіп бейнелейді.



13. Егер бала тек өзін ғана бейнелейтін болса, ол өзін отбасы мүшесі ретінде сезінбейді. Баланы отбасында шектетеді, ол отбасында өзін жайсыз сезінеді. Бала өзін кішкентай, бұрышта тығылып тұрған бейнесін салуы мүмкін. Дегенмен, егер баланың өзіндік бағалауы жоғары болса да, ол тек өзін ғана бейнелейді. Ол өзін өте сәнді етіп салады.
14. Суреттегі күннің бейнесі – қорғаныш пен жылулықтың белгісі. Бала мен күннің арасында тұрған адамдар мен заттар, жылулықты сезінуге кедергі жасаушылар.
15. Ұсақ-түйек заттардың бейнеленуі (түйме, орамал) бала білмейтін құпиялар мен шектеулердің барын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет