8. Отбасындағы мүшелерінің реттік орналасуы. Бала көп жағдайда бірінші өзін салады немесе отбасындағы өзіне жақын, беделді адамды салады. Ең соңында салынған адам, беделі төмен адам болып саналады (бұл баланың өзі болуы мүмкін).
9. Парақ бетіндегі бейнелердің орналасуы. Суретте кімнің жоғары немесе төмен орналасқанын байқаңыз. Мысалы, парақтың ең жоғарғы жағында теледидар, алты айлық қарындасы орналасатын болса, баланың ойы бойынша олар отбасын басқарады.
10. Балада көп қобалжуды тудыратын кейіпкер немесе зат. Егер бала сурет салу барысында қарындашты күшпен басып, қатты штрихтайтын болса, ол қорқыныштың белгісі.