Тыйым сөздер.
Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;
Жаман, блапыт сөздер айтпайды;
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, Кір жумайды
Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса, келер жыл ырысты, берекелі болады деп
болжаған.Қазақ халқының ұлттық тағамдары: бауырсақ, шелпек, қатық, жент, наурыз
көже т.б (слайд арқылы суреттерін көрсету)
- Міне осындай керемет көктемде, табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi,
жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет
сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы
даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем
төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлы күнiн тойлайды. Ендеше балалар, бүгінгі
«Наурыз» мерекелеріңіз құтты болсын,аспанымыз ашық, деніміз сау,бейбітшілік болсын!
Енді балаларымыздың өнерлерін паш етейік.
Балалар:
- Армысыздар халайық! Әркез аман болайық. Наурыз тойын қуанып.
Жылды бір қарсы алайық! Балалар: Наурыз күні той думан Ортамызды ашайық Ән мен
күйді төгілдіріп Інжу маржан шашайық Балалар :Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Балалар: Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Балалар: Наурыз тойы-елдің тойы,