Отчет по педагогической практике студентки группы рялш-42 образовательной программы



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата04.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#178227
түріОтчет
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Зарипова Ж.Г.рялш-42 отчет

Күні:24.02.2023 
Тақырыбы: «Алғыс – жүректің естелігі» 
Мақсаты:
Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, 
сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. 
Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат 
жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Түрі:
Тренинг Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс 
Қажетті құралдар:
жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам. 
Тренинг жоспары: 
1. Сәлемдесу. 2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 3. «Өз ойыңды білдір» 
4. «Жаныңда жүр жақсы адам.......» 
5. «Жалғасын тап» 
6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу. 
7. Сергіту сәті. 8. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 
Ұйымдастыру:
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, 
жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды 
ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар 
арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы 
эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар 
арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін 
жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет 
айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп 
үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Алғыс – жүректің естелігі» атты 
тренингімізді бастаймыз. Айтпақшы, РАХМЕТ!!! 
1.Сәлемдесу.
Оқушылар шеңбер жасай тұрады. 
Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс 
амандасу түрлерін жасаймыз. 
- Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді 
екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - 
біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті 
тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып 
амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап 
амандасып, тілек айту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет