БАҒДАРЛАМА
қолданбалы курс
«Экологиялық этика» 9 сыныптарға арналған
аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат
Құрастырушы: Чакеева Е.С.
«Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ
биология пәнінің мұғалімі
Педагогикалық кеңесте қаралды Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің
«29» тамыз 2023 жыл әдістеме бірлестік отырысында қаралды.
Хаттама №1 «28» тамыз 2023ж.
Бірлестік жетекшісі: ----------- Г.Д. Кабиева
Семей қаласы, 2023ж.
«Экологиялық этика» қолданбалы курсы. 9 сынып. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат Түсінік хат Еліміздегі соңғы жылдары туындап отырған экологиялық проблемалар экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-экологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, экологиялық мәселелерді шешуде адамдардың санасын, психологиясын өзгертумен қатар жаңаша ойлауды қалыптастыру, табиғатқа деген көзқарасты экологияландыру мәселесі тұр. Өркениеттің артықшылығын пайдалану үшін адамзат өзінің денсаулығын тәуекелге қояды. Бүгінгі таңда экологиялық проблема біз үшін ең өзекті тақырып болып отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, бақылаусыз келешекті ойламастан жасаған адамдардың шарушылық әрекеті салдарынан Жер планетасы болашақта адам тіршілігіне жарамай қалуы мүмкін.
«Экологиялық этика» қолданбалы курс бағдарламасы 9 сынып оқушыларына қосымша тереңдетілген түрде білім беруге арналған. «Экологиялық этика» қолданбалы курсының негізгі ерекшелігі экологиялық проблемалар мен экологиялық қауіп-қатерді болдырмаудың жолдарын қарастыра отырып, оқушылардың бойында экологиялық сана сезімі мен мәдениетін қалыптастыру.
Мақсаты:Қоршаған ортаны қорғауда өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiну, оқушылардың экологиялық білімдері мен мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылығын дамыту
Курстың міндеттері:
Еліміздегі экологиялық жағдайларға мән беру, шешу жолдарын іздестіру;
Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру.
Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдаландыру жолдарын қарастыру.
Алған теориялық білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.