ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ»
мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение
«ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ КАЗЫГУРТСКОГО РАЙОНА»
ЮЖНО КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
1603006, Қазығұрт ауылы, Қонаев к/і, н/ү. Тел: 8(72539) -15-57;
факс: 2-28-00; ММ коды 464Ю407; СТН 580800212577;
БСК ККМFКZ2А; ЖСК КZ 78070103КSN580800; БЕН 060240012873
Қазығұрт аудандық қазынашылық басқармасы
160300, село Казыгурт, улица Кунаева, б/н. Тел 8(72539) 2-15-57;
факс: 2-28-00; код ГУ 464Ю407; РНН 580800212577;
БИК ККМFКZ2А; ИИК КZ 78070103КSN580800; БИН 060240012873
Казыгуртский районный отдел казначейства
Бұйрық Приказ
_18.11.2019ж № _354_ _________________ № ______
«Ең үздік бастауыш сынып кабинеті - 2019»
аудандық байқауын өткізу туралы
Аудандық білім бөлімінің жоспарына байланысты мемлекеттік стандартқа сай жабдықталған бастауыш сынып кабинеттерін анықтау және аудан, облыс көлеміне іс-тәжірибесін тарату, насихаттау мақсатында «Ең үздік бастауыш сынып кабинеті - 2019» аудандық сырттай байқауын өткізуге байланысты Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н
2019 жыл қараша айының 27-29 жұлдыздары аралығында бастауыш сынып мұғалімдерінің «Ең үздік бастауыш сынып кабинеті - 2019» аудандық сырттай байқауы қазақ, өзбек, орыс сыныпты мектептерінің мұғалімдері үшін өткізілсін.
Бекітілсін.
Байқаудың ережесі (қосымша 1)
Байқаудың қазылар алқасының құрамы (қосымша 2)
Аудандағы барлық бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-лицей басшылары байқауға қатысушының мерзімінен кешікпей қатысуын қаматамасыз етсін.
Байқауға қажетті құжаттарды дайындап өз деңгейінде өткізу әдістемелік кабинет әдіскері М.Әміроваға жүктелсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әдістемелік кабинет меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы С.Бердібаеваға тапсырылсын.
Бөлім басшысы қолы бар А.Уисимбаев
Орындаған: М.Әмірова
8 775 367 57 77
Аудандық білім бөлімінің
18.11. 2019 жылғы
№ 354_бұйрығына
Қосымша 1
Аудандық жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып кабинеттерін мемлекеттік стандарт талабына сай жабдықталған кабинеттерін анықтау және аудан көлеміне іс-тәжірибесін тарату, насихаттау мақсатында «Ең үздік бастауыш сынып кабинеті -2019» аудандық сырттай байқауын өткіз туралы
ЕРЕЖЕ
І. Байқаудың мақсаты мен міндеті
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт талабына сай бастауыш сынып кабинеттерінің жабдықталуын насихаттау, анықтау;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың педагогикалық, гигиеналық талаптарға сай жабдықталған кабинеттерін анықтап, тәжірибелірін тарату;
Талапқа сай кабинеттерін жабдықталған мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
Оқу кабинетінің ережесіне сай, кабинеттің құжаттарын ретке келтіру;
Оқу кабинетінің паспорты;
Оқу кабинетінің ережесі;
Оқу кабинетінің оқу жылында жасалатын жұмыс жоспары;
Оқу кабинетінің міндетті түрде қажетті құралдар тізбесі;
Оқу кабинетіндегі оқу техникалық құралдарының мәліметтік тізімі;
Оқу кабинетінің пайдалану кестесі:
ІІ. Байқаудың кезеңдері:
1-кезең:
Мектепішілік қараша 20-22 жұлдыздары аралығында ұйымдастырылып, үздігін аудандық байқауға қатыстыру;
2-кезең
Аудандық қараша айының 27-29 жұлдыздары аралығында аудандық
сараптаудан өтіп, облысқа ұсынлады;
3-кезең:
Облыс көлеміндегі байқауға қатысушылардың құжаттары желтоқсан айының 11-13 жұлдыздары аралығында облыстық бастауыш білім әдістемелік орталығына тапсырылады.
ІІІ.Байқау талаптары:
Байқауға ерікті негізінде бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады. Қатысушылардың еңбек өтіліне , жасына, санатына шек қойылмайды.
Байқау өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады.
Әр мектеп аудандық байқауға өздерінің ұсынған жеңімпазы туралы сұраныс, мәліметті аудандық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері М.Әміроваға қараша айның 27-не дейін өткізу міндеттелсін.
Тапсырылатын құжаттар:
Байқауға қатысу туралы бұйрық, сұраныс;
Мұғалім портфолиосы; (жаңашыл ықшамдалған)
Кабинеттің паспорты;
Кабинеттің (сапалы түсірілген)фотоальбомы;
Оқу бағдарламасына сай дайындалған ресурстар мен дидактикалық таратпа материалдармен көрнекі құралдардың тізбесі;
Дидактикалық материалдармен техникалық құралдарды (АКТ) пайдалана отырып Lesson study/зерттеу cабағы бойынша өткізілген практикалық сабақтар жиынтығы (электронды, интерактивті тақтадағы сабақ флешка немесе дискімен өткізілу қажет)
Ескерту: тапсырылған құжаттар әдістемелік кабинеттің мұрағат қорында сақталынады. 27-ші қарашадан кешіктірілген құжаттар қаблданбайды.
IV.Аудандық байқаудың қазылар алқасы бесеу. Жұмыстардың сапасы мен ғылыми әдістемелік деңгейі, сапасы және «Ереже» талабына сай болуын қадағалайды.
V.Аудандық байқау жеңімпаздарын марапаттау. Мектебі мен тіліне қарай
І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші орындар және номинация,алғыс,хаттармен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |