Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
география пәні мұғалімі
Отеулиева Онайгул Жолдиевна
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: §41. Канада
Сабақтың мақсаты:
1.Канаданың қалыптасуын, мемлекеттің құрамы мен құрылымы, халқы,табиғат
жағдайлары мен ресурстары туралы білік-дағдыны қалыптастыру
2.Канада мемлекетін басқа мемлекеттермен салыстыра отырып түсіндіру, оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
3 .Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге,ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа
тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, глобус , слайдтар,
Пәнаралық байланыс: Тарихпен,өмірмен
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау, кубизм әдісі
Технология түрі: Дамыта оқыту
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Бәйге» сұрақтары ( Сұрқтарға дұрыс жауап берсеңіздер,сұрақтардың астынан бүгінгі өтетін тақырыбымыздың картасы шығады)
1. АҚШ-тың «Ұлы шеберханасы»деп аталатын экономикалық ауданы
(Солтүстік-Шығыс)
2.АҚШ-тың ірі өнеркәсіпті аудандары
(Нью-Йорк, Чикаго,Лос-Анджелес)
3. АҚШ-тың шарушылығындағы жетекші сала
(ауыр,жеңіл өнеркәсіп)
4.Мемлекеттегі ірі мегаполистер саны қанша?
(3. Сан-Сан, Чипиттс, Босваш)
5.«Боинг»ұшақтарын шығаратын зауыты бар қала.
(Сиэтл)
6.Аса ірі мұнай кен орны ( Аляска)
7. АҚШ-тың теңіз жағалауындағы туризмнің басты орталықтары
(Флорида түбегі, Гавай аралдары, Калифорния)
8. «Автомобильдер астанасы»деген атқа ие қаласы (Детройт)
9.АҚШ-тың ең ірі көлік-жол торабы (Чикаго)
10. АҚШ-тың ең алғашқы президенті кім? (Джордж Вашингтон)
11.Ең ірі порты (Нью-Йорк,Жаңа Орлеан)
12. АҚШ-тың шаруашылығындағы жетекші сала ( машина жасау)
Бұл қай елдің картасы ? Канада
III. Жаңа сабақ
Жоспары:
1.Мемлекттің қалыптасу тарихы
2.Табиғат жағдайлары мен ресурстары
3. Халқы
«Ой қозғау»
Канада мемлекеті туралы не білесіңдер?
Қандай белдеулерде орналасқан?
Астанасы қандай? т.б
Британ бірлестігі құрамын-дағы парламенттік конфеде-рация
ция
Канада –дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін 2-орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада Арктикалық топаралындағы аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік батысында АҚШ-пен шектеседі. Жер көлемі 9млн. 970 мың км.
Канаданың қазіргі шекарасы XIX-ғасырдың 70-жылдары қалыптасты. Ньюфаунленд аралы ел құрамына 1949 жылы енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада 10 провинциядан 2аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Канаданың табиғат жағдайлары әр келкі. Климаты аса қатал болатын ,солтүстігінде халық аз қоныстанған. Батысында Кордильера қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Оңтүстік-шығыс бөлігінің климаты қолайлы. Бұл өлкенің байлығыКөгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде 1-орын алады. Канада аумағының 35 пайызын алып жатқан орианда бағалы ағаштар өсіріледі. Оңтүстігінде Онтариомен Квебек провинцияларында үйеңкінің бірнеше түрі өсірледі. Үйеңгі ағашы жергілікті халық өте жоғары бағалайды..Сондықтан 1956 жылы ресми түрде қабылданған Канада мемлекетінің ұлттық байрағында үйеңкі жапырағы қызыл түспен бейнеленген.
Халқы 34,1млн адам. Халықтың щрташа тығыздығы 1 км –3адам. Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістер. Канада атауы үндістер тілінде «қоныс, қауымдастық»дегенді білдіреді. Діні –басым көпшілігі христиан. Католиктер 46 , протестанттар 41 , проваславие 2 .Орташа адамдардың өмір жасының ұзақтығы 81 жас. Халқының басым көпшілігі шағын тұрады. Урбандалу деңгейі -80 . Елдегі ең ірі қалалар – Торонто, Монреаль, Ванкувер.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 10 сәуірде Қазақстан мен Канада арасында мемлекетаралық байланыс орнатылды. Бұл екі ел арасында жан-жақты өзара байланыстар дамып келеді. Елімізде Канада қаржысының қатысуымен 170 бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Канданың жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 190 студент білім алуда. Канада мен Қазақстан арасындағы байланыс жалғасын таба бермек
«Кубизм» әдісі бойынша әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз
Анықтаңыз!
Зерттеңіз!
Салыстырыңыз!
4. Сипаттаңыз!
5. Кім жылдам?
6. Ой түйіндеу
(Сыныпты екі топқа бөлу)
1. Координаталық нүктелерді табу арқылы,командалар өз аттарын анықтау
1) 45 с.е, 77 б.б (Оттава) - Канада
2) 51 с.е, 71 ш.б (Астана) - Қазақстан
2. Канадамен шектесетін теңіз, шығанақ, бұғаз, аралдарын зерттеу
1-топқа: Шектесетін шығанақтары,аралдары
( Гудзон, Альяска шығанағымен шектеседі.Ньюфаунленд, Девон,Банкс, Виктория, Элсмир, Баффин Жері аралы )
2-топқа: Шектесетін теңіздері, бұғаздары
(Бофорт теңізі, Баффин теңізімен шектеседі. Гудзон бұғазы,Девис бұғазы, Ланкастер бұғазы, Мак-Клур бұғазы)
3.«Венн» диограммасы
Канада
|
Ортақ белгілері
|
Қазақстан
|
|
|
|
4. Сипаттау. Канада мен Қазақстанды мына жоспар бойынша сипаттау
1. Елдің материктегі немесе дүние бөлігіндегі орны
2. Астанасы, мемлекеттік құрылымы
3. Табиғат жағдайы ( Климаты, жер бедері)
4. Халқының ұлттық және нәсілдік құрамы
5. Табиғат байлықтары
5. Кім жылдам?
1)Канаданың жер көлемі қанша?
2) Қандай мемлекетпен шектеседі?
3) Мемлекет басшысы кім?
4)Үкімет басшысы кім?
5) Халқы қанша?
6) Діні қандай?
7) Ірі қалалары
8) Канаданың шекарасы қашан қалыптасты?
9) Қазақстан мен Канада арасында мемлекет аралық байланыс қашан орнады?
10)Биылғы Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауы қалай аталады?
6.Ой түйіндеу
(Оқушыларға тақырыпқа байланысты, сөздер беріледі, сөздерден сөйлем құрап ой түйіндейді)
Жоғары, Ньюфаунленд, көлдер, үйеңкі, «қоныс, қауымдастық», Оттава,
IV.Қорытындылау. Жеңген топтың әнұраны ойнап, туы желбірейді
V. Үйге тапсырма. § 41 мазмұндау. Буклет жасау
VI. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |