Өтінім қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы



бет3/6
Дата29.06.2020
өлшемі76,78 Kb.
#74665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мақала конф
мақала конф
Ертегі терапиясы

Балалармен жұмыс істеуде тиімді әдістердің бірі –ертегі терапиясы болып табылады. Ертегі балалық шағымыздан бастап біздің өмірімізге сән беріп келеді.Сірә, қызықты, сиқырлы да таңғажайып оқиғалар  қызықтырмайтын бір де бір бала жоқ шығар. Ертегілерді қолдану тарихтың  тереңінен халық ауыз әдебиетінен алғаш бастау алған. Бүкіл әлемде ертегі оқу сәбилер мен үлкен адамдар арасындағы қарым-қатнастың ерекше түрі бола отырып, білім беретін әрі адамгершілік тәрбие беру түріндегі салт-дәстүр болып табылады. Бүгінгі таңда да, адамдар саналы  түрде ертегілерге салынған білім көзіне тартылады. Осы кезде бұл әдіс ертегі терапиясы деген атауға ие болып отыр. Ертегі дүниені ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерді жағымды іс-әрекеттері арқылы, көптеген үрейлі жағдайлардан арылтып, баланың сана-сезіміндегі қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бала ертегі кейіпкеріне ұқсағысы келген кезде ертегі терапиялық әсер етеді. Ертегі жақсылыққа үміт береді де, баланың өмірінде болып көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді.

Бұл әдіс мектепке дейінгі балаларда, кіші мектеп жасындағы және басқа жастағы балаларда кездесетін көптеген қиындықтарды шешуде көмектеседі. Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агрессивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және түрлі психосоматикалық аурулармен т.б. қиындықтарда қолданылады. Сонымен қатар, ертегітерапия үдерісі балаға өз қиындықтарын түсінуге, талқылауға және де сол қиындықтарды шешудің түрлі жолдарын көруге мүмкіндік береді[5; 46].

Беделді ертегі терапевттердің бірі Т.Д.Зинкевич ертегі терапиясын рухани білім беретін, әлеуметтік тұрғыдан адамды жүзеге асыратын және адамның рухани табиғатын дамытатын, тәрбие жүйесі ретіндегі тәсілдер жиынтығы деп анықтама берген.[4; 21]

Оқушым інісімен «Алтын сақа» ертегісі бойынша тәжірибе жүргізіп көрді:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет