Көңілі көтеріліп, шаттана, менімен жарыса сөйлеп, өзі мазмұндай бастады
4-рет
Ұмытып қалған жерлерін есіне түсіртіп отырды.
Ертегіні өзі айтып шықты
5-рет
Ол тыңдады.
Інім өзі әңгімелеп берді. Соңын өз қиялымен аяқтады.
Төмендегідей қорытындыға келдік:
Інісі адамдардың алдында ұялмай сөйлейтін болды;
өз ойын еркін жеткізетін болды;
өз қиялына ерік беріп, ертегі ойлап табуды шығарды;
тілі мен ой өрісі дамыды;
суретпен жұмыс істеуге қызығушылығы артты;
өзіне деген сенімділігі туды;
оқыстан қойылған сұрақтарға дайын болуға машықтана бастады;
ұлттық тәрбиеден нәр алды т.б.
Яғни қызықтыра білсе, бала қолындағы планшетін де, ғаламтордағы мультфильдер мен ойындарға да көз жұма қарай бастайды екен. Тек осыны үлкендер түсіне біліп, 24 сағаттың 24 минутын ертегі айтуға, ұлттық құндылықтармен балаларын сусындатса деген тілегім бар.
Балалар кітапханасындағы зерттеу жұмысы
Ертегіні көбінесе бастауыш сынып оқушылары оқитын болғандықтан, балалар кітапханасында оқушым зерттеу жүргізді. Сағат 14:00 мен 18:00 аралығында келушілердің санын 1 апта бақылады. Нәтижесі төмендегідей болды: